Мұхтаров Аманғали Хамидоллаұлы

Кафедра меңгерушісі

Мухтаров Аманғали Хамидоллаұлы
1973 жылы Батыс Қазақстан аймағы, Бөкей-Орда ауданы, Бисен кеңшары, Жиекқұм ауылдық кеңесіне қарасты Көшкін елді мекенінде өмірге келдім. 1981 жылы Орал облысы, Жәнібек селосындағы Абай Құнанбаев атындағы мектеп-интернаттың 1-сыныбына қабылдандым. 
1982 жылы Бөкей-Орда ауданы, Жиекқұм ауылы, Т. Масин атындағы сегізжылдық мектептің 2-сыныбына ауысып, 1989 жылы сегізінші сыныпты бітірдім. Сол жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен республикалық олимпиадаға қатысып ІІІ орын алдым. Соның негізінде облыстық халыққа білім беру бөлімінің жолдамасымен Алматы қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп-интернатқа қабылданып, аталмыш мектепті 1991 жылы бітіріп шықтым. 
 1991 жылы Ташкент Ислам Институтына түстім. Алайда бұл КСРО-ның тарап, Одақтас Республикалардың тәуелсіздік алып жатқан уақытына тура келді де, бөтен елде білім алудың орайы келмей, 1992 жылы елге оралдым.
1994 жылы ҚазМУ-дің филология факультетіне қабылданып, 1999 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын алып шықтым. Сол жылы осы оқу орнының магистратура бөліміне түсіп, 2001 жылы филология магистрі, қазақ әдебиеті мамандығын алдым. 
2000-2003 жылдары №36 лингвистикалық гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет істедім.
2003 жылы ҚазҰУ, филология факультетінің аспирантурасына түсіп, 2005 жылы бітірдім.
2007 жылы желтоқсанда «Қасым Аманжоловтың романтизмі» тақырыбында кандидаттық диссертациямды қорғадым. 2008 жылдан филология ғылымдарының кандидатымын.
2008-2012 жылдары КТК телеарнасы, Дубляж бөлімінде редактор,
2012-2014 жылдары Қайнар Университеті, Тілдер, журналистика және туризм кафедрасының доценті қызметін атқардым.
2014 жылдың шілдесінен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, АОПҚБАИ, ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту және жаңа технологиялар кафедрасының аға оқытушысымын. 

 

Мақала тақырыбы

Басылған орны, уақыты

Басылған, қолжазба...

Мақаланың көлемі

1

Абдолла туралы аңыз немесе ірі характерлер жасау жолында

ҚазҰУ «Хабаршы» №7 (79). 2004 ж.

Басылған.

192-194 б.б.

2

Майдан жырлары

«Әуезов және әлем әдебиеті» (Халықаралық ғылыми конференция материалдары) Қаз Унив. Алматы, 2004

Басылған.

201-205 б.б.

3

«Шоқ шайнап от бүріккен» қайран Қасым

«Әуезов және әлем әдебиеті» (Халықаралық ғылыми конференция материалдары) Қаз Унив. Алматы, 2004

Басылған.

300-306 б.б.

4

Үндесіп жатқан ұлылық

Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. №7, 2005

Басылған.

102-104 б.б.

5

Сыршыл ақын

Қазақ тілі мен әдебиеті журналы. №4, 2007

Басылған.

58-62 б.б.

6

Өр тұлғалы ақын (Қасым Аманжолов жайында)

Көптілділік және мәдениеттер үнқатысымы  (Халықаралық ғылыми – теориялық конференция материалдары)

Басылған.

268-272 б.б

  

Көптілділік және мәдениеттер үнқатысымы
Қазақ тілі мен әдебиеті 
Қазақ тілі мен әдебиеті 2007ж

 

 
  
   
1.jpg5.png4.png6.png2.jpg3.jpg