Кылышбекова Нурсауле Уканбаевна

Аға оқытушы

Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызы  1981 жылы 19 қыркүйек айында Жамбыл  облысы, Т.Рысқұлов ауданы,  Құлан  ауылында дүниеге келген.

Ұлты қазақ, білімі жоғары.   

1987 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы Қ.Сәтбаев орта мектебінің табалдырығын аттап, 1998 жылы аталған мектепті толығымен бітіріп шықтым.

Білімі:

  • 1998 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Тарих-филология» факультетіне оқуға түсіп, 2002 жылы жоғарыда аталған институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша біліктілік пен үздік диплом берілді.
  • 2004-2006 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Тіл теориясы және оқыту әдістемесі» саласы бойынша магистратураны аяқтап, Филология магистрі академиялық дәрежесі берілді.

2003 жылы  Алматы Заң колледжінде  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы қызметінде  еңбек жолын бастадым.

2006-2009 жылдар аралығында Алматы экономика және статистика колледжінде  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, тәрбие және өндіріс бөлімінің бастығы қызметін атқардым. 

2009-2012  жылдар аралығында Алматы экономика және статистика академиясында аудармашы, қызметкерлермен жұмыс атқарушы кадр бөлімінің жетекші менеджері қызметтерін атқардым.  

2012-2013  жылдар аралығында   «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Әкімшілік-шаруашылық басқармасының жетекші маманы, 2013 жылдың қыркүйегінен бастап «Кәсіби дмуды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келемін.
 
 


 

 

 

Contact

  • This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
2.jpg3.jpg5.png4.png6.png1.jpg