Болсынбаева Аманғайша Жолдыханқызы

Аға оқытушы

Болсынбаева Аманғайша Жолдыханқызы 1974 жылдың 6 қаңтарында, Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз қаласында дүниеге келген.

Ұлты қазақ.

Білімі: жоғары. 1991ж. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің филология бөліміне оқуға түсіп, 1997 жылы тәмамдаған. 

Еңбек жолы: 1997 жылы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығына экскурсовод қызметіне қабылданып, 1998 жылдан «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығындағы қолжазба қорының меңгерушісі; 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына қосылуына байланысты әуезовтану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, 2006 жылдан бастап ғылыми қызметкері, 2008 жылдан аға ғылыми қызметкері, 2010-2012 жылдан жетекші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды.
         2012-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясы қазақ және орыс тілдері кафедрасында профессорлық қызмет атқарды.
         Ғылыми атағы: филология ғылымдарының кандидаты. 2004 жылы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жанындағы филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 53.34.01 Диссертациялық кеңесінің мәжілісінде ҚР ҰҒА академигі С.С.Қирабаевтың жетекшілігімен «М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі: шығармашылық тарихы мен текстологиясы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
2016 жылдан «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы АОПҚБАИ «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді. 
 
4.png2.jpg6.png3.jpg5.png1.jpg