Критериалды бағалаудың тиімділігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

Критериалды бағалаудың тиімділігі

      2017 жылдың 16 наурызы күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім алушының оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында республикалық семинар болып өтті.     

   

      Семинардың мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы бағалау жүйесі мен оқушының жетістікке жету кеңістігінің дамуы арқылы мұғалімнің көшбасшылық қабілетін дамыту болды.  

 

Семинар жұмысына Жамбыл, ШҚО, Батыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Атырау облысынан келген 25-тен астам орта мектептердің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Республикалық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Көмекова С.О., «Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының  аға оқытушы Орманбекова Л.Ж., «Өрлеу» білім-ғылым технология порталының   директоры Көшкінбаев Ж.Ф. қатысты. Семинарды Қарасай ауданы білім бөлімінің  әдіскері Ж.Бегалиев ашты.

Мектеп директоры Ж.Кулиева «Бастау» кәсіби қоғамдастығының атқарған жұмыстарының нәтижесімен, мектеп тынысымен таныстырды.           

         Қарасай ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі мен Белинский атындағы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімдері 4 үлгілі сабақтар мен 4 шеберлік сыныптарын көрсетті.

         Семинар жұмысы аясында дөңгелек үстел, коучингтер, тренингтер өткізіліп, мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Танымы мен тағылымы мол жаңашылдықпен өткізілген семинар-практикум  өз құндылығымен ерекшеленді.

                                                              Орманбекова Л.Ж.,
Инновациялық технологиялар және
жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді
 оқыту әдістемесі кафедрасының
аға оқытушы
4.png1.jpg3.jpg2.jpg5.png6.png