ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЖЕТІСТІК КӨЗІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

            ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЖЕТІСТІК КӨЗІ

 

2017 жылдың 27 ақпан – 17 наурызы аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» ұйымдастыруымен Алматы облысы, Ескелді ауданы,  Қарабұлақ кентінде  орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілік арттыру курсы» жүргізілуде.

 

 

Курс бағдарламасына сәйкес, тыңдаушылар бағдарламаның  мазмұны, мақсат-міндеттерімен, критериалды  бағалаудың анықтамасын, негізгі сатыларын, бағалау қағидаттары, оқытуды жоспарлау мен сабақта   бағалаудың әдістемесінің негізгі талаптарымен танысады. Сонымен бірге, өз бетінше білім алуға жетелейтін оқушының бағалауда белсенді әрекетін тиімді ұйымдастыруды  үйренеді.

 

 Әр мұғалімнің бағдарламаны  жетік  меңгеуін күнделікті  кері байланыс  арқылы  айқындап, ары  қарай мұғалімдердің  шеберлігін шыңдауға ықпал  етудеміз.

Байұзақова А.Қ.,
Басқару  және білім  сапасы кафедрасының
аға  оқытушысы 
1.jpg6.png5.png4.png3.jpg2.jpg