МҰҒАЛІМДЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»
 

 

МҰҒАЛІМДЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

 

         2017 жылдың 10 ақпаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» атты курстан өткен мұғалімдерге сертификат табыстау рәсімі өтті.            
         «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.М.Кенесбаев Жалпыадамзаттық құндылықтар жайлы қысқаша түсінік беріп, адам бойындағы, әсіресе, ұлағатты ұстаздардың бойындағы адамгершілік пен балаға деген мейірімділіктің болуын айтып өтті.

 

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының орынбасарлары Т.Қ.Ауелгазина мен Қ.Ә.Ибрагим ұзақ мерзімді курс тыңдаушыларына алдағы уақытта алған білімдерін сабақ беру барысында қолдануын, оқушының сабаққа деген ынтасын арттырып, баланың білімін жоғарлату мақсатында талмай еңбек етулеріне тілек білдірді.

Іс-шара барысында біліктілігін арттырған ұстаздар «Алматы облысы бойынша  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» басшылығына және қазақ, орыс тобының тәлімгерлеріне өз ризашылықтарын білдіріп, толағай табыстар тіледі.


«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» атты курстан өткен мұғалімдерге институт директоры Серік Мұқтарұлы сертификаттар табыс етті. Сертификат табыстау рәсімі шағын мерекелік кешпен өз жалғасын тапты.

1.jpg5.png3.jpg6.png4.png2.jpg