ҒЫЛЫМИ - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

 

ҒЫЛЫМИ - ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ФИЛОСОФИЯСЫ

 

 «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Ғылыми-жаратылыстану - (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Д.А.ҚАРТБАЕВАНЫҢ ұйымдастыруымен 2017 жылдың 9-27 қаңтары аралғында «Білім берудің жаңа философиясының тұжырымдамалық ойлары аясында химияны (биологияны) оқыту процесін жобалаудың қазіргі әдістері» атты химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған  арналған ақылы курс  өтті.

  Мақсаты: білім берудің жаңа философиясының идеяларын ендіру контексінде білім беру үдерісін тиімді жобалау бойынша химия (биология) пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

 Курс мақсатына жетудегі міндеттері:

-         ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жолдаулары, жаңа МЖБС, мектеп оқушыларының  функционалдық сауаттылығын  дамытуға арналған ұлттық жоспарын басшылыққа ала отырып курс тыңдаушыларына жалпыға бірдей білім берудің жаңа философиясын түсіндіру;

-         Жаңа (МЖБС) білім беру философиясының идеяларын, тұжырымдылық түсініктерін меңгеру;

-         Білім беру мазмұны жаңартылған жағдайда химия-биология пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасу, ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін арттыруға жағдай жасау;

Курс барысында білім беру үдерісі оқытудың пікірталас, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, тренингтер,  бейнефильмдерді талқылау сияқты интерактивті әдістері арқылы жүзеге асырылды.

Ересектер аудиториясының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,  оқыту барысында тыңдаушыларға қисынды қорытындылар жасауға, өз практикасына  бейімдеуге және алған біліктерін аудиториялық практикалық сабақтар жағдайында сыннан өткізуге мүмкіндік берілді. Ол үшін интербелсенді оқыту формалары: кері байланыс; мәселелерді, күрделі  сұрақтарды талқылау және пікірталас; шеберлік-сынып; «дөңгелек үстел»  арқылы қол жеткізетін әрекеттік амалдар жасалды. 

Курс соңында тыңдаушылар ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауларының басым бағыттары, жаңа МЖБС қазақстандық білім беру жаңартудағы мемлекеттік саясаты туралы түсініктерін толықтырды. «Химия» («Биология») пәні бойынша концептуалды ойлары мен оқу бағдарламасының мазмұнын; «Химия» («Биология») пәні бойынша қысқа мерзімдік, орта мерзімдік, ұзақ мерзімдік жоспарлау негіздерін, қазіргі жаңа техноголиялардың мәнін, оқытудағы формативті және жиынтық бағалаудың мақсатын, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау принциптерін, ойлау үрдістерінің таксономиясы мен оқыту мақсатын, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың зияткерлік әдістері жайлы білді. Сонымен қатар химия (биология) пәнінің басқа жаратылыстану пәндерімен оқыту үрдісінде  сабақтастығын сақтаудың  мазмұнына талдау жасады.

Б. Блум таксономиясына сәйкес функционалды жаратылыстану ғылыми сауаттылықты дамытуға әрекет ете алатын түрлі деңгейлік   тапсырмаларды  қалай құрастыруды талдады. Курс Ғылыми - жаратылыстану (гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы  Д.А.Қартбаеваның  FILA, SWOT-талдау форматындағы рефлексиямен аяқталды.
6.png3.jpg5.png2.jpg1.jpg4.png