ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

ГЕОГРАФИЯ  ПӘНІН ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

 

        Алматы облысы,  Еңбекшіқазақ ауданы, Абылай хан атындағы орта мектептің базасында 2017 жылдың 23-27 қаңтары аралығында «География  пәнін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің оқу-әдістемелік негіздері» атты курс өтті. Курсқа аудан көлемінде география пәнінің 23 мұғалімі қатысты. Курсқа «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Ғылыми-жаратылыстану - (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Л.Д.Адыбаева жетекшілік етті.

Курстың мақсаты – география пәні мазмұнына критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдістемелік негіздерін жетік меңгерту және алған теориялық білімдерін практикалық  білімдерімен ұштастыра отырып, өзіндік бағалау дағдыларын дамыту арқылы мұғалімдердің кәсібибіліктілігін арттыру.  

 

          Мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың критериалды жүйесін енгізудің әдіснамалық негіздерін, критериалды бағалау жүйесінің түрлерін талдауды,оқытудың жетістігін бағалауда Блум таксономиясын қолдану әдістерін және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту құралы ретінде ойын технологиясын қолдану тақырыптарында дәріс оқылып, семинар, тренингтер, тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Мұғалімдер бір-бірімен өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдай түсті. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді. 

 

1.jpg4.png2.jpg3.jpg6.png5.png