ЗАМАНАУИ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

ЗАМАНАУИ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА

ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ  ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІКТІ  ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Қазіргі жаһандану және интеграция үдерістері дамып жатқан әлемде адамдардың  мәдениетаралық қарым қатынаста болуы жиі кездеседі.

Төзімділікті және этнорелятивизмді тәрбиелеуге негізделген  этномәдени құзыреттіліктердің негізін білмей, өзінің этноцентризмін, қате түсініктерін сезінбей, жеңбей тиімді көпмәдениетті диалог құру мүмкін емес.

Біз көпмәдениетті қоғамда өмір сүріп жатқандықтан білім беру жүйесі тұлғада этникалық және әлемдік мәдениетті үйрену арқылы қалыптасатын   сындарлы өзара әркеттестікті  дамытуға бағытталған.

Біздің қоғамымыздың қалай болатыны, әлеуметтік, экономикалық мәселелердің қалай шешілетіні білім беру жүйесі қалыптастыратын әлеуметтік-мәдени әлеуетке байланысты. Сондықтан мәдениетара құзыреттілікті тәрбиелеу, оның компоненттерін дамыту қазіргі білім берудің негізгі мақсаттарының бірі болу керек.

Этномәдени құзыреттілік тұлғаны қоршаған қоғам, отбасы және барлық әлеуметтік  орта арқылы қалыптасады. Бұл үдерісте мектептің алатын орны ерекше. Себебі мектеп те негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып есептелінеді.

Мектеп баланың нормаларды сақтай отырып, басқа мәдениеттердің құндылықтарын құрметтей отырып,  жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда өмір сүруге үйретеді. 

Осы аталған мәселелер 2017 жылы 25-27 қаңтары аралығында Алматы облысы, Іле ауданы №7 ОМ базасында «Заманауи мектеп жағдайында этномәдени құзыреттілікті  және этникалық төзімділікті  қалыптастыру мәселелері» тақырыбындаөткен семинарға қатысушылар тарапынан белсенді талқыланды.

Семинардың мақсаты – мектеп қоғамдастығында этномәдени құзыреттілік және этникалық төзімділік туралы ұғымды қалыптастыру, педагогтардың көпұлтты қазақстандық қоғам құндылықтарына негізделген шығармашылық ортаны құру, топта жұмыс істеу, шешім қабылдау, тәрбие мәселелеріне байланысты бастамашыл болу қабілеттерін дамыту.

  Семинарға пән мұғалімдері, директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушы, психологтар, сынып жетекшілері қатысты. Барлығы 25 адам.

 

 Модератор –  «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Ж.Е.ЕРМҰХАМЕДОВА семинар барысында полиэтникалық білім беру  оқушыларда  этномәдени құндылықтарды қалыптастыратын заманауи білім берудің маңызды бағыттарының бірі екендігіне ерекше көңіл бөлді.

 

Білім беру бойынша Халықаралық комиссияның баяндамасында (21 ғасыр үшін)  мектептің негізгі қызметтерінің бірі адамдарды бірге өмір сүруге үйрету, оларға мемлекеттердің, этностардың қазіргі өзара байланысын саналы түрдегі ынтымақтастыққа өзгертуге көмектесу делінген. Бұл мақсатқа жету үшін білім беру, бір жағынан, адамдың өзінің тарихи тамырын сезінуге, нәтижеде оның әлемдегі өз орнын анықтауға, екінші жағынан, басқа мәдениеттерге құрмет пен қарауға үйрету керек.  

 

Полиэтникалық білім беру мақсатына төмендегі міндеттерді шешу арқылы жетуге болады:


1. Балалардың  этномәдени көптүрлілікті қабылдау, оның әлеуметтік және жеке даму көзі екенін түсіну қабілеттерін қалыптастыру.

2.Балаларға өздерін этникалық сәйкестендіруге және әлемдік қоғамдастықтың мүшесі екенін сезінуге мүмкіндік беру.

3. Оқушыларды барлық халықтарға және олардың мәдени құндылықтарына  құрметпен қарауға үйрету.

4.Түрлі этникалық мәдениеттер өкілдерімен тиімді байланыс жасау және этникааралық қарым қатынаста туындап қалуы мүмкін түсініспеушіліктерді сындарлы шешу дағдыларын дамыту.

 

Семинарда этномәдени құзыреттілікті қалыптастыратын тетіктерге, яғни оқыту, тәрбиелеу, іс-әрекет, қарым-қатынасқа;этникааралық өзара түсінушілікдағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

Семинардың практикалық бөлімі тренинг, жаттығу, диалогтың түрлері (ақпараттық, түсіндірушілік, танымдық) т.б. жұмыс формалары мен тәсілдерін қолдануға бағытталды.

 

Семинарды қорытындылай келе, оған қатысушылардың зейіні тағы да бүгінгі балалардың  еліміздің болашағы екендігіне бөлінді. Балалардың және еліміздің болашағы қандай болатыны ұстаздарға, ата-аналарға, жалпы,  қоғамға байланысты. Сондықтан, қазіргі мұғалім, тәрбиеші этномәдени мазмұнды білім беру саласына көшіре алатын білік пен дағдыға ие болуы керек. Заманауи педагогтардың алдында балаға адамгершілік және эстетикалық құндылықтарды дарыту, ең жақсы моральдық қасиеттерін ашу мәселелері тұр.

 

Ермухамедова Ж.Е.,
Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру
кафедрасының аға оқытушысы 

 

 

 

 

 

 

3.jpg4.png6.png2.jpg1.jpg5.png