МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

            2017 жылдың 26-27 қаңтары аралығында Алматы облысы, Іле   ауданы, Жетіген ауылындағы МКҚК «Балдырған» балабақшасында  мектепке  дейінгі  мекеме меңгерушілері, әдіскерлеріне  және  тәрбиешілеріне  арналған «Заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.  

Аталған іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының»  Мұғалімнің  кәсіби  дамуын  психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету  кафедрасының аға оқытушысы Қайролдаева Анара Нұрғалиқызы ұйымдастырды.

 

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында заманауи педагогикалық технологияларды пайдалана отырып тәрбиелеу мен оқыту ісін жоғарғы деңгейге көтеру және тәрбиеленушінің шығармашылық қабілетін дамыту.

Ғылыми-әдістемелік семинардың міндеттері:

  • оқу үрдісін технологияландыру барысында мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын басқарудың жолдары мен бағытын айқындау;
  • мектепке дейінгі мекеме жұмысына білім беру технологияларын енгізуге жағдай жасау;
  • заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы білім беру үрдісін жаңарту жолдарымен таныстыру және біліктіліктерін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  • тәрбиешілер өз бетінше білім алуға тартылады;
  • өз іс-әрекетін саралап және болашақта білім беру технологияларын қолдана алатын мәліметттер алады;
  • оқу іс-әрекетінде заманауи педагогикалық технологиялар арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік алады;
  • жаңа жаһандық кезеңде педагогтардың кәсіби шеберлігі артады.

Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысының нәтижесінде іс-шараға қатысушы тәрбиешілер, әдіскерлер мен мектепке дейінгі мекеме меңгерушілері заманауи педагогикалық технологиялар бойынша көкейкесті мәселелер мен негізгі тақырыптар бойынша маңызды ақпарат алып, өздерінің білімдерін жетілдіре түсті. 

 

 

3.jpg2.jpg4.png1.jpg6.png5.png