МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕНІҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»


МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙТИНГТІК ЖҮЙЕНІҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ

         2017 жылдың 19 қаңтары күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» профессор-оқытушылар мен институт қызметкерлеріне филиалдың 2016 жылғы II жартыжылдық пен І жартыжылдықтағы атқарылған жұмыстарын салыстыра отырып, талдау нәтижелері бойынша қорытынды семинар өтті.

Мониторинг және сараптама бөлімінің мамандары институттың есептік кезеңінің рейтингтік көрсеткішіне сәйкес егжей-тегжейлі талдау нәтижелерін мұғалімдер ұжымына ұсынды. Филиал қызметкерлері халықаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында жұмыстар жүргізу және 2017 жылғы Жедел жоспарға сай бірлесе жұмыс жасау жайын талқылап, пікірлері мен нақты ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара барысында мұғалімдер мен филиал қызметкерлері кәсіби өсу рейтингіне қатысты сұрақтар қойды.

Ұсынылған нәтижелерді талдай отырып директор м.а. Т.Қ.Ауелгазина, Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі А.Т.Тұралбаева, Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ә.П.Мұстафаев өздерінің жеке ұсыныстарын айтты.

3.jpg6.png2.jpg1.jpg5.png4.png