Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

Құзыреттілік – кәсіби маман даярлаудың басты сапасы

         16 қаңтар  мен 20 қаңтар аралығында   Талғар  ауданы   Бесағаш  ауылындағы  № 29 орта   мектебінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ  «Басқару  және білім сапасы» кафедрасы  «Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында ақылы  көшпелі  курс  ұйымдастырды. Курсқа Талғар  ауданынан 30 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

 Курстың  мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Курс  мазмұны нормативті-құқықтық, психологиялық- педагогикалық, мазмұндық  және технологиялық модульдерді құрайды. Курс барысында бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға  бағытталған дәрістер  мен  тренингтер, шеберлік  сыныптары,тәжірибелік  сабақтар  көрсетілді.

 Сонымен  қатар,курс тыңдаушылары бүгінгі таңда мазалап  жүрген кәсіби сұрақтарға жауап  алды.

 

Басқару  және білім  сапасы

кафедрасының аға  оқытушысы Байузакова А.К.

3.jpg5.png1.jpg2.jpg4.png6.png