БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»
 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 


      «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы аясында 2016 жылдың 9 желтоқсаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы  облысы   бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Бастауыш сыныпты оқытуда критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі» атты облыстық  Педагогикалық оқулары өтті.
        Облыстық білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, бастауыш сыныптарды оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолданудағы  үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді анықтау мен таратуды мақсат еткен Педагогикалық оқуларға аудандық (қалалық) білім бөлімінің әдіскерлері мен облыс бойынша 220 астам мұғалім  қатысты.
        Ашылу салтанатында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы  облысы  бойынша ПҚБА» институтының директоры, филология ғылымдарының докторы  Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы Педагогикалық оқуларға қатысушыларды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап,облыс педагогтерінің біліктілігін жетілдіру жолында қарқынды жұмыс жүргізіп келе жатқан институт жұмысына шолу жасады. Кенжехан Ісләмжанұлы: «Институттың жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 9 ай кезеңінде  7 967  тыңдаушы білім алған, бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда  1 204  адамға көп. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында 157 курс өткізіліп, онда 4 791 мұғалім біліктіліктерін арттырды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, мұғалімдердің үлгерімі жоғары деңгейді көрсетіп,  99,8%-ды құрады. Қысқамерзімді курстар бойынша 2016 жылғы тестілеу нәтижесі оңтайлы өсім  8,85 %-ды көрсетті»,- деп институттың біліктілікті арттыру курстарындағы оқыту сапасының мониторингіне тоқталып өтті.
        
      Пленарлық  мәжілісті  Абай атындағы ҚазҰПУ-нің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.С. Әмірова «Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі» атты баяндамасымен жалғастырды.
      Келесі болып сөз алған Алматы облыстық әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш сыныптар бойынша әдіскері А.Б. Арғымбаева бүгінгі  таңдағы  бағалаудың  жаңа  форматына кең тоқталды. Осы  мәселе жайлы «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Филиалы және ББЖҚБАРИ  Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері К.З. Жақсылыкова, Кербұлақ аудандық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері З.А. Ибрагимова, Еңбекшіқазақ ауданы, әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Е. Мырзабаева да  өз ойымен  бөлісті.

        Педагогикалық оқулардың  екінші  бөлімі «12 жылдық білім беру жағдайындағы жаңартылған бағдарламамен оқытуды ұйымдастыру және  оның әдістемелік негіздері», «Білім беру үдерісін модернизациялау  жағдайында білім  беру мазмұнын жаңарту», «Оқытудағы критериалды бағалаудың кешенді тәсілдемелері, білім беруді жаңарту аясында «Мәңгілік Ел» идеяларын енгізудің қолданбалы аспектілері» атты үш  секция бойынша жүргізілді.
      Секция жұмыстарында шығармашыл педагогтер білім берудің қазіргі жағдайындағы бағалау мен даму болашағы жөнінде жан-жақты баяндап, білім берудегі инновациялық үдерістің барысында жинаған озық тәжірибелерін ортаға салып, облыстың барлық аймақтарынан жиналған әріптестеріне өзіндік үлгілерін көрсетті.

      Ақпараттық қолдау көрсетуге шақырылған «Қазақстан» ҰТА мен «Қазақ» радиосының журналистеріне институт директоры К.І.Матыжанов және директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Т.Қ.Ауелгазина білім беру саласындағы өзекті мәселелер жайлы сұхбат берді. «Бастауыш мектеп» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының бас редакторы Елубаева Салтанат Қыстаубайқызы бүгінгі Педагогикалық оқулардың бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажетті шара екендігін, және осы шара жайлы «Бастауыш мектеп» журналында көлемді мақала жарияланатындығын айтты. 
      Педагогикалық оқулардың нәтижесі бойынша  әділқазы алқасы критерийлерге  сәйкес мұғалімдердің баяндамаларына сараптама жасап, озық іс тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапаттап, қатысушыларға сертификаттар табыс етті.
      Әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша  «Бастауыш сыныпты оқытуда критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі» атты облыстық  Педагогикалық оқулары жүлдегерлерінің тізімі:

 І дәрежелі диплом

  1. Ордатаева Б.Б. – Талғар ауданы, №2 Сейфуллин ат.орта мектебі
  2. Есқараева Б.Б. – Текелі қаласы, №2 орта мектебі
  3. Ахметова Г.С. – Текелі қаласы, №5 орта мектебі

 ІІ дәрежелі диплом

  1. Капышева Ж.К. – Ақсу ауданы,
  2. Эсманова Г.С. – Іле ауданы, №9 орта мектебі
  3. Шорина Н.В. – Ақсу ауданы,
  4. Шаданбаева А. – Текелі қаласы, №6 орта мектебі
  5. Омар А. – Қапшағай қаласы, №4 орта мектебі
  6. Беркімбаева Г. – Іле ауданы,
  7. Қабдолданова Қ. – Кербұлақ ауданы, Күреңбел орта мектебі
  8. Тараншева Б.Б. – Жамбыл ауданы, Беріктас орта мектебі
  9. Жақыпова Г.Е. – Райымбек ауданы, Албан Асан Барманбекұлы ат.орта мектебі
  10.  Сыбанова Г.С. – Сарқан ауданы, Островский ат.орта мектебі
  11.  Тоқтарова Ж. – Қапшағай қаласы, №3 орта мектебі

 ІІІ дәрежелі диплом

  1. Иваненко С.В. – Сарқан ауданы, Ақын Сара орта мектебі
  2. Нурагалиева А.Т. – Ақсу ауданы,
  3. Амангельдина А.А. – Ақсу ауданы
  4. Орынбаева Г. – Көксу ауданы, Жалаири орта мектебі
  5. Сейфульдинова Г. – Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебі
  6. Ербосынова Д. – Қапшағай қаласы,
  7. Ақылбай Ш. – Кербұлақ ауданы, Қазынсу орта мектебі
  8. Жаңабаева Г. – Іле ауданы, №13 М.Мақатаев орта мектебі
  9. Естибаева Э.Д. – Ақсу ауданы, Жансүгіров ат.орта мектебі
  10.  Рахимберлина А.О. – Ақсу ауданы, Сәтпаев ат.орта мектебі
  11.  Тулегенова З. – Текелі қаласы, №6 орта мектебі
  12.  Асанова М.А. – Панфилов ауданы, Хамраев ат.орта мектебі
  13.  Оқапова А.Ж. – Алакөл ауданы, Үшарал қазақ гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

2.jpg5.png1.jpg3.jpg6.png4.png