орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық технологиялардың тиімділігі

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ 
ЖАҒДАЙЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

         «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары - Л.Ж.Орманбекова, С.А.Қасенованың ұйымдастыруымен 2016 жылдың 25 қарашасы күні Талдықорған қаласы, №25 орта мектебінде«Инновациялық технологиялар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде: теория және практика» атты облыстық семинар болып өтті.

          Семинардың мақсаты –  орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық  технологиялардың тиімділігі мен оны жүзеге асыруда мұғалім  тәжірибесіне және оқыту технологиясының теориялық негіздеріне сүйене отырып, озат іс-тәжірибені насихаттау. Бұл шараға жаңартылған бағдарлама  аясындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша курстан өткен  45 мұғалім қатысты.  Іс-шара аясында 6 шеберлік сыныбы, 6 ықшамсабақ үлгілері көрсетілді.  Атап айтсақ, Текелі қаласы №5 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Құмашбаева Әйгерім Біржанқызының «Кәсіби сөздер мен термин сөздер» тақырыбында 5-сыныпқа өткізген сабағынан ақпараттық коммуникациялық технологияны жақсы меңгергендігін,  Қаратал ауданы, Қ. Байсейтов атындағы орта мектептің мұғалімі Ермекбаева Жанар  Искакқызы Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін арқау еткен сабағынан сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолданғандығын байқадық. Сондай-ақ, Талдықорған қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ мұғалімі Рахатова Самал Искакқызы 1 сыныпқа «Мақта қыз бен мысық» ертегісі сабағын, Ескелді ауданы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің мұғалімі Агибаева Гаухар Қалдыбайқызы  1 сыныпқа «Үй жануарлары» сабағын көрсетті.

        
 Басқосу соңы мұғалімдердің қазіргі сабақ және оған қойылатын басты талап – инновациялық технологияларды тиімді пайдалану жөніндегі пікір алмасуға ұласты. Семинар жұмысын институттың инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Орманбекова Л.Ж., Қасенова С.А. қорытындылып, озық іс-тәжірибесін ортаға салған мұғалімдерге институт әкімшілігінің «Құрмет грамотасын» табыстады.

 

Орманбекова Л.Ж.,

Инновациялық технологиялар және

жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді

оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

4.png2.jpg5.png6.png1.jpg3.jpg