«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ШОҒЫРЛАНДЫРУШЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»
 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕГІ
ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ  ШОҒЫРЛАНДЫРУШЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

        Бүгінгі таңда Қазақстанда тәрбиенің рөлін көтеру және оған байланысты жаңаша тәсілдемелерді іздестіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде жалпыадамзаттық құндылықтарға, адамдың өміріне және денсаулығына, тұлғаның еркін дамуына, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, еңбекті сүйуге, адам құқықтарына құрмет көрсетуге басымдық беретін тәрбиенің концептуалды негізі жасалған. 

       Бұл құндылықтар  «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында жаңа тарихи жағдаяттарда тұлғаның қалыптасуының көрсеткіші ретінде, Қазақстан халқының ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ең озық рухани құндылықтар ретінде  қарастырылған.
        Педагогтың негізгі міндеті – ата-аналармен тығыз қарым-қатынас ұйымдастыру және оған мақсатқа бағытталған, қоғамдық мәнге ие мазмұн беру. Оқыту-тәрбиелеу үдерісіне қатысушылардың өзара байланысы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін өмірдегі жағымды мысалдарға, жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі керек.   
        Аталған мәселелер 2016 жылдың 18 қарашасы күні Еңбекшіқазақ ауданы О. Мухаммадий атындағы орта мектеп базасында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізіндегі отбасылық дәстүрлердің  шоғырландырушы құндылықтары» тақырыбында өткен аймақтық семинарда талқыланды.

 

      

          Семинардың мақсаты – отбасылық тәрбиеніңең озықотандық дәстүрлері негізінде рухани бай, жауапкершілігі жоғары, шығармашыл, бастамашыл, құзыретті Қазақстан азаматын тәрбиелеуге және қалыптастыруға жағдай жасау.

        Семинарға Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Талғар, Қарасай аудандарының мектеп директорының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарлары қатысты. Жалпы саны – 58.

        Модератор – Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Ж.Е.Ермұхамедова семинар барысында тәрбиенің концептуалды негізінің білім беру жүйесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оның «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында мазмұнын, құрылымын, методологиясын жаңартуға, қоғамдық талаптарға, отбасылық тәрбие құндылықтарына және жеке мүдде мен тұлғаның мүддесі тепе-теңдігін сақтауға бағытталғанына ерекше көңіл бөлді.  


      Семинардағы барлық іс-әрекеттер «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына негізделген тәрбие үдерісі ұстанымдарын жүзеге асыру үшін бүгінгі тез өзгеріп жатқан жағдайда қалай жұмыс істеу керектігін анықтауға бағытталды.

 

Қоғаммен байланыс және баспа қызметі

бөлімінің бас маманы

Нұрақбаева А.З.




5.png2.jpg6.png3.jpg4.png1.jpg