«Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі сабағын жоспарлаудың өзекті мәселелері»

ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

тақырыбында өткен аудандық дөңгелек үстел туралы ақпарат
 
           «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» өз жоспарына сай  2016 жылдың 16 қарашасы күні  «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі сабағын жоспарлаудың өзекті мәселелері» тақырыбында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, С.Бердіқұлов атындағы орта мектепте аудандық дөңгелек үстел өткізді. 
      Дөңгелек үстел мақсаты – орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі сабағын жоспарлау бойынша пікір алмасу және тәжірибелерімен бөлісу.                    
     Дөңгелек үстелге Жамбыл аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Әлия Оқанқызы және сол аудандағы 12 мектептен 25 мұғалім қатысты. Төрт баяндама оқылып, екі ықшам сабақ көрсетілді. Дөңгелек үстел барысында орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі сабағын жоспарлау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. 
 
       Дөңгелек үстел арқылы аудан мұғалімдері талқыланған тақырып бойынша өздеріне пайдалы ақпараттарды алды, туындап жатқан мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алмасты.
 
3.jpg6.png2.jpg4.png5.png1.jpg