ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ – МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ

 

   «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2016 жылдың 10 қарашасы күні Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының меңгерушісі Аманғали МҰХТАРОВТЫҢ ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім мазмұны – мектеп тәжірибесінде» атты семинар өтті.
 
 
   Семинарға институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету және Академиялық бөлім қызметкерлері қатысты. Еңбекшіқазақ ауданы, М. Әуезов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Айжан Серікмұрат жаңартылған оқу бағдарламасы аясында орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда  белсенді әдістерді пайдаланудың тыңдалым мақсаттарын жүзеге асырудағы ерекшеліктеріне тоқталды.
 
 
   Іс-шара барысында орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың  жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес теориялық  негізі қарастырылып, тіл үйретуде қолданылатын әдіс-тәсілдер жайы талқыланды.
   Семинар соңы жаңартылған оқу бағдарламасы аясында орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда  белсенді әдістерді пайдаланудың тиімдігі жайлы қызу пікірталасқа ұласты.
 
 
4.png3.jpg1.jpg2.jpg5.png6.png