«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»



«МӘҢГІЛІК ЕЛ»
  ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ  МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ


         2016 жылдың  1 қарашасы күні  Талғар ауданы №15 орта мектебінде ««Мәңгілік Ел»  құндылықтары негізінде  мектеп оқушыларының  функционалдық құзыреттіліктерін дамытуда педагогикалық үдерісті ұйымдастыру» атты семинар-практикум өтті.  

         Семинардың  мақсатымектеп оқушыларының функционалдық құзыреттіліктерін  «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде дамыту жағдайында  педагогикалық үдерісті ұйымдастыру жолдары мен талаптары жайлы түсінік беру, пікір алмасу. 

         Семинар барысында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мектеп ұстаздарының ой-пікірлері мен іс-тәжірибелері баяндалды. 

        
       «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде оқушылардың функционалдық құзыреттіліктерін  дамыту    бағыттары жайлы түсініктер беріліп, оған негіз болған нормативтік құжаттарға шолу жасалды. «Оқушы тұлғасын дамытудағы іскерлік әрекетім» атты тренинг жүргізілді. Сондай-ақ,  «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту факторларының  «Мәңгілік Ел»  ұрпағын дамытуға ықпалы» тақырыбында іскерлік-шығармашылық қызмет ұйымдастырылды. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын мектепте қолданыстағы оқу бағдарламалары мен  оқу-тәрбие үдерісіне енгізу және педагогикалық үдерісті ұйымдастыру  талаптары жайлы баяндалды. 

         Семинар жұмысы атқарылған жұмыстарға  аналитикалық талдау жасау, алда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынумен аяқталды.

 

 

 

   Валиева М.
«Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы

 

4.png2.jpg6.png5.png1.jpg3.jpg