Жаңа бағдарлама - жаңашылдық бастауы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

Жаңа   бағдарлама жаңашылдық бастауы

 

        Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін маңызды фактор – білім. Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім берілуі қажет. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгеріске ұшырады. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты қазақстандық білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздарға үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу маңызды міндет.

          Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.        Жаңартылған бағдарлама бойынша білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды талап етеді. Бүгінгі таңда жалпы білім беру мекемелері мен біліктілікті арттыру институттары бәсекеге қабілетті тұлға­ларды дайындаумен айналысуда. Ал, мұнда бірлескен әрекет қана жемісті нәтижеге жеткізетіні анық. Осы бағытта «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» тренерлері аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған бағдарлама бойынша қайта даярлықтан өткізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл орайда бүгінгі басты бағыт орта білім беруді жүйелі жаңғырту жағдайында мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Ал ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және инновациялық технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр бастауыш сынып мұғалімдеріне оқытудың әдістерін,  технологияларды тиімді пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген.  Сонымен қатар, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы  жағдай туғызу барысында мұғалімдер өз күш-жігерін аямай жұмыс атқаруы тиіс.

         Осы бағытта  бастауыш сынып мұғалімдерін 2016 жылдың 24 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Қарасай ауданы, Алтын Ауыл  орта мектебінде орта білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы өткізілуде. Курс барысында мұғалімдерге жаңаша білім берудің өзгерістері туралы толық мәлімет беріледі. Мұғалімдер сабақ барысында  ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау үлгілерімен танысып, оны өздері құруды үйренеді. Жаңартылған бағдарлама негізінде болып жатқан өзгерістер туралы әдістемелік тұрғыда мағлұмат алып, тәжірибеде қолдану жолдарына маманданады.

 

        

Ұстаздар   шыгармашылығы

 

Алынған мәліметтерді мұғалімдер болашақ өз жұмыстарында пайдаланып, жаңартылған бағдарламаны  іске асыруға үлестерін қосады деген ойдамын.

 

Асемжанова Зейнеп Зикрияновна

Басқару және білім сапасы

кафедрасының аға оқытушысы

 

6.png1.jpg2.jpg3.jpg5.png4.png