Жаңартылған білім бағдарламасы - келешектің кепілі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру

 

         2016 жылдың 21 қазанында Қапшағай қаласы, №3 орта мектеп ККМ базасында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының  аға оқытушысы Стамбеков Ерик Берикбековичтің ұйымдастыруымен «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық конференция өтті.

 

Семинарға с.ғ.д., доцент, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ауелгазина Толқын Құдайбергеновна, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ аға оқытушысы  Е.Б.Стамбеков, Қапшағай қаласының білім бөлімінің дене тәрбие әдіскері Р.Кожамсеитов және Қапшағай қаласы мектептерінің дене тәрбие пәнінің 163 мұғалімдері қатысты.

Конференцияның мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу және заманауи білім беру жүйесінде іске асыру.

         Конференция жұмысы 3 секцияға бөлініп, жүргізілді. Конференцияны Ауелгазина Толқын Құдайбергеновна кіріспе сөзбен бастап, ұстаздар жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында талмай еңбектенуі қажеттігін атап көрсетті.

 Іс-шара барысында ІЖамбыл ауданы, Қаракастек ауылының МКҚК «Бәйтерек» балабақшасының меңгерушісі Тухметова Шолпан Жұматайқызы  «Дені сау бала-болашақ жемісі», Қапшағай қаласы, «Балдәурен» балабақшасы, дене шынықтыру нұсқаушысы Б.Б.Бимадиев «Дене шынықтыру сабағының мектепке дейінгі мекемедегі алатын орны»,  Қапшағай қаласы «Ақдидар» балабақшасының тәрбиешілері Букирова  Жұмагүл Молдабекқызы, Анықбаева Жаңагул Нусупбайқызы «Мектепке дейінгі мекемедегі салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары», Жамбыл ауданы, МКҚК «Бәйтерек» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Махсутов Дастан Болатович «Дене тәрбиесі оқу іс-әрекетінің мектепке дейінгі мекемеде алатын орны», Жамбыл ауданы, Үшбұлақ бастауыш мектебімен КММ Өкішбаев Рүстем Тоқтасынұлы «Сүйінбай атындағы орта мектепте салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің жүргізіп жатқан іс-шаралары», Қапшағай қаласы, «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ ұстаздары Рахманова Бибигуль, Окиметканов Еділ Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қалыптастыру «Ұстазым және біз, спорт сүйер балғынбыз!»,  Қапшағай қаласы, «№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ мұғалімдері Нурсалимова Кулиман Толеновна, Алимбетова Асем Муратовна, Жандуллаева Жанат Жандуллакизи «Жалпы білім беретін мекемелерде салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары», Сарқанд ауданы, Ақын Сара орта мектебі дене тәрбие пәні мұғалімі Стамбеков Берикбай Сембекович «Дене тәрбиесі сабағында оқытудың жаңа технологияларын енгізудің тиімді жақтары», Көксу ауданы, Құрбанов атындағы №2 ОМ дене тәрбие пәні мұғалімі Бакшиева Валетина Оттовна тақырыбындағы баяндамаларын оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конференция жұмысын «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ аға оқытушысы  Е.Б. Стамбеков қорытындылап, «Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы конференцияны  мектеп базасында өткізген №3 орта мектеп ККМ әкімшілігіне ризашылығын білдірді. Конференция соңында Ауелгазина Толқын Құдайбергеновна қатысушыларға «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры К.С.Матыжановтың қолымен расталған Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарды, сертификаттарды табыс етті.

 

 

3.jpg4.png2.jpg5.png6.png1.jpg