Бастауыш сынып оқушыларын топтық жұмыс арқылы шығармашылыққа баулу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

Бастауыш сынып оқушыларын топтық жұмыс арқылы шығармашылыққа баулу

 

2016 жылдың 13 қазанында Алматы облысы, Панфилов ауданы,  Жаркент қаласы Ж.Жабаев атындағы орта мектеп ККМ базасында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы ПҚ БАИ» Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының  аға оқытушысы Джаңбырбаева Нұрсәуле Иқапқызының жетекшілігімен «Бастауыш сынып оқушыларын топтық жұмыс  арқылы шығармашылыққа баулу» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға Алматы облысы Панфилов, Қарасай, Балқаш аудандарынан 60-қа жуық бастауыш сынып пәні мұғалімдері қатысып, аталған тақырып аясында өздерінің іс-тәжірибелерін, шебер-сынып, тренинг, баяндама түрінде  көрсетіп, өзара пікір алмасты.

        Семинар отырысын Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының  аға оқытушысы Джаңбырбаева Нұрсәуле Иқапқызы ашты.Бастауыш сынып оқушыларын топтық жұмыс арқылы шығармашылыққа баули отырып, білімді, жаңашыл, бәсекеге қабілетті, ұшқыр ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелеуде педагогтерді ізденістерге және педагогикалық шеберлікке тарту және олардың  шығармашылық белсенділігін қолдау мәселелері семинар барысында жан-жақты талқыланды.

    Все уроки и мастер-класс получили высокую оценку присутствующих. Учителя единодушно отметили несомненную пользу от проведенного семинара. По отзывам учителей, они получили много полезной  информации,  познакомились с творчески работающими педагогами, овладели новыми формами работы с детьми.

        Семинар жұмысын қорытындылай келе, Джаңбырбаева Нұрсәуле Иқапқызы аталған іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен Панфилов ауданының білім бөлімінің әдіскері А.Ж.Ибрагимоваға, Ж.Жабаев атындағы орта мектеп директоры Р.С.Айсаевқа және семинарға белсене қатысқан бастауыш сынып мұғалімдері - М.В.Шабля, Н.В.Бородулина, З.Х. Кайрамоваға ризашылық білдірді.  Семинарға белсенді қатысқан бастауыш пәні мұғалімдер институт директоры, ф.ғ.к. К.С. Матыжановтың  атынан алғыс хатпен марапатталып, сертификаттар табысталды.

Мұғалімдер де семинардың ұйымдастырылуы мен өту тәртібіне, талқыланған мәселелердің құндылығына ризашылықтарын білдіріп, осындай ғылыми-әдістемелік бағыттағы семинарлар үнемі өткізіліп тұрса деген тілектерін айтты.
5.png2.jpg6.png3.jpg4.png1.jpg