Жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізудің әдістемесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» «БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

Жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды
жүргізудің әдістемесі

 

        2016 жылдың  29 қыркүйегінде  Алматы облысы,  Талғар ауданы,  №29 орта мектепте «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы ПҚ БАИ»  Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық)  пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Л.Д.Адыбаеваның жетекшілігімен «Жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізудің әдістемесі» тақырыбында  облыстық байқау өткізілді. Байқауға  Алматы облысының биология және география пәнінің мұғалімдері белсене қатысты.  

       Байқауға  Талдықорған, Қапшағай қалаларынан, Ескелді, Жамбыл, Іле, Ақсу,  Райымбек, Панфилов, Талғар аудандарынан 40  мұғалім қатысты.      

      Облыстық байқауды с.ғ.д., доцент,«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы ашты. 

      Байқауға б.ғ.к., доцент әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Г.И.Ерназарова, Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық)  пәндерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент                                    А.П.Мустафаев, Талғар аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері У.А. Жусанбаева  және №29 орта мектептің  директоры  Ж.С.Сагындыковалар қатысты.

         Байқаудың мақсаты – оқушылардың теориялық сабақтан алған білімдерін қолдану, тәжірибе жүзінде бекіту, зерттеу әдістерін үйрету.            

      Жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізудің әдістемесі байқауында мұғалімдер оқушылармен бірге өткізген бір тәжірибелік  (биологиядан және географиядан) сабақтың үлгісін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.

     

        Тәжірибелік сабақта  оқушылармен белсенді сынып қалыптастыру арқылы зерттелу обьектісі, көрнекілік, жүйелілік, материалдық базасы қамтылды  және теориялық мәліметтерді өздерінің белсенді әрекеттерімен тануға, дәлелдеуге, өз  қолдарымен жасау арқылы білім бергендігі байқалды.

Байқау қорытындысы бойынша қатысқан мұғалімдердің тәжірибелік сабақ үлгілері критерийлер арқылы әділ бағаланды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

        Мұғалімдер де байқаудың ұйымдастырылуы мен  тәжірибелік сабақтың құндылығына ризашылықтарын білдіріп, осындай пәндік  байқаулар өткізіліп тұрса деген тілектерін айтты.

 

 Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)
пәндерді оқыту әдістемесі мен
инновациялық технологиялар
кафедрасының аға оқытушысы                              Адыбаева Л.Д.                                                                                                                                  

2.jpg6.png3.jpg5.png4.png1.jpg