Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалаудағы критериалдық тәсіл

       2020 жылдың 1 шілде күні «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Нурпейсова Кунтай Кудайбергеновна «Оқушылардың оқу нәтижелерін бағалаудағы критериалдық тәсіл» тақырыбы бойынша онлайн семинар өткізді.
       Семинардың мақсаты: мектепте критериалды бағалауды ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін ұсыну және педагогтердің оқыту және оқу сапасын арттырудағы критериалды бағалаудың рөлін түсінуіне ықпал ету.
       Семинар барысында бағалау, критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, бағалау критерийі, дескриптор тәсілін оқыту процесінде қолдану жағдайы жайлы талқыланды. Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
       Оқуды тиімді бағалау – білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын тәсіл критериалды бағалау болып табылады.
1.jpg6.png3.jpg4.png5.png2.jpg