PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселелері

       2020 жылдың 30 маусымында «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Нұрсәуле Қылышбекова «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында онлайн режимде облыстық шеберлік сыныбын өткізді.
       Облыстық шеберлік сыныбының мақсаты – қатысымдық тапсырмаларды қолдану жолдарын меңгерте отырып, пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтердің кәсіби өсуін зерделеу, өзара тәжірибе алмасу.
       Нұрсәуле Ұқанбайқызы іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстыра келе, оқытушының оқу сауаттылығы – жан-жақты тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін көрсететіндігіне тоқталып өтті. Аталған іс-шараға Алматы облысына қарасты Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Балқаш, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласындағы орта мектеп, гимназиялардан 20-дан аса мұғалім қатысты.
       Іс-шара аясында қатысушы мұғалімдер оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселелеріне сәйкес баяндамалар оқып, тақырып бойынша дайындаған жұмыстарының презентациясымен таныстырды, сабақ үлгілерін көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.
       Онлайн режимде өткен облыстық шеберлік сыныпты қорытындылай келе, аға оқытушы Н.Қылышбекова іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдерге Институт ұжымы атынан алғыс айтып, қазіргі күрделі кезеңде жүзеге асырып жатқан педагогикалық қызметтеріне сәттіліктер мен толағай табыстар тіледі.
5.png3.jpg4.png2.jpg6.png1.jpg