«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының өңірлік кезеңін өткізу Ережесі мен конкурс талаптарын жан-жақты таныстыру мақсатында институттың Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор А.Т.Туралбаева «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы» КММ-нің басшысы Д.Ч.Байдилдин және орталықтың қосымша білім беру бөлімдерінің басшыларымен, мамандарымен танысып,  байқау бойынша біршама жұмыстарды жоспарлы түрде диагностикалады.

Жалпы айтқанда, орталықтың қосымша білім беру бөлімдері 3 бағыт бойынша жұмыстар атқарады. Олар:

-Туризм және өлкетануды дамыту бөлімі; 

-Ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту бөлімі; 

-Көркем және эстетикалық шығармашылықты дамыту бөлімі. 

    Кафедра меңгерушісі А.Т.Туралбаева орталықтың жұмыс жағдайымен таныса келе. Туризм және өлкетануды дамыту бөлімінің басшысы Д.Н.Бекеновпен аталмыш бағытта прагматикалық педагогика қағидаларына сай Алматы облысы бойынша (педагог қызметкерлердің конкурсқа қатысу шараларын іріктеу кезеңі) «SMART ӨЛКЕ» тұжырымдамасын құруды қолға алуды бірлесе ұсынды. «SMART ӨЛКЕ» тұжырымдамасында:

- Өлкетану кампусы;

- Өлкетану секторы;

- Өлкетану портфелі;

- Өлкетану галереясы;

- Ақылды өлкелер;

- Өлкетану ғылыми қалашығы бойынша жұмыстар жоспарлануда.

Тұжырымдамадағы бұл критерийлер қосымша білім берудегі педагогтердің заманауи технологияларды білім беру үдерісінде ұтымды пайдалануына қызмет атқарады деп ойлаймыз.

3.jpg5.png2.jpg4.png1.jpg6.png