БЕЙНЕ-САБАҚТАР

«ӨРЛЕУ» БЕЙНЕ-САБАҚТАР МЕН БЕЙНЕ-ДӘРІСТЕРДІҢ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңін өткізу аясында ағымдағы жылдың 29 маусымы күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы ПҚ БАИ «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Джаңбырбаева Н.И. мен Алматы облысы білім басқармасы облыстық әдістемелік кабинеті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің арнайы пәндер әдіскері Боранбаева Г.Н. техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары педагог қызметкерлеріне байқаудың ұйымдастыру жұмыстары мен өткізу тәртібі, оған қойылатын талаптар мен ережелер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық-насихат жұмыстары барысында ұйымдастырушылар педагогтерге 22 номинация бойынша өңірлік кезеңінен өткен жеңімпаздарға жүлделі орындар мен ақшалай сыйақылар берілетінін хабарлады. Сонымен бірге қатысушыларды аталған конкурсқа белсене қатысуға шақырды.

 

5.png4.png1.jpg6.png2.jpg3.jpg