22.06.2018

Назар аударыңыз: конкурс! 

    «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтар үшін ұйымдастырған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының аймақтық кезеңіне өтінім қабылдау жалғасуда.

Конкурс ағымдағы жылдың 1 маусымында басталып, 15 қазанға дейін жалғасады.

Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан жиырма екі аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс келесідей бағыттарды қамтиды:

  • - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар;
  • - орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар;
  • - техникалық және кәсіптік оқытудағы заманауи технологиялар;
  • - жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар;
  • - қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар.

Конкурстың тілі:

Қазақ, орыс, ағылшын.

Бейнематериалдың түрі:

  • - дәріс;
  • - сабақ;
  • - ашық сабақ;
  • - практикалық/лабораториялық жұмыс;
  • - семинар.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

  • - 1 кезең – Өңірлік
  • - 2 кезең – Республикалық

Конкурстың Республикалық кезеңінің жүлде қоры:

      Жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақылар қарастырылған. Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1,2,3 орындар жиырма екі аталымға берілетін болады).

    Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөліміне хабарласа аласыздар. Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің тел.нөмірі – 247-41-11, эл.почтасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

6.png2.jpg1.jpg4.png5.png3.jpg