ЖАҢА ЖЫЛДЫ ЖАҢА ЛЕППЕН

       Жаңа 2020 жылдың 13-17 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында филиалдың профессорлық-педагогикалық құрамының сұранысымен «Мектептегі мұғалім тәжірибесін бағалау: жоспарлау, оқыту, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, сапаны бағалау»  тақырыбында курс ұйымдастырылды. Курсты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы «Біліктілікті арттыру курстары шеңберінде педагогикалық қызметкерлерді бағалау бөлімінің» аға менеджерлері, бағалаушы эксперттер Тоғыс Жанаркүл Мырзағұлқызы мен Ермуханова Жайна Рысбаевна жүргізуде.

Курс барысында мына мәселелерді қарастыру жоспарланған:

  •        мектептегі мұғалім тәжірибесін бағалау үдерісі мен бағалау мазмұны туралы білім мен түсінікті нығайту;
  •        кәсіби даму мақсатын қою, мұғалім сабақтарын бақылау;
  •       мектептегі мұғалім тәжірибесін бағалау құралдары мен қағидаларын тұжырымдау.


       Осы мәселелер негізінде барлық пән мұғалімдерінің сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған білім алушылардың оқу жетістіктерін формативті бағалау үдерісін жоспарлау: сабақта формативті бағалау стратегиялары мен тәсілдерін қолдану, критерийлер негізінде формативті бағалау бойынша кері байланыс беру; ҚМЖ құрылымдаудағы кемшіліктерді жою мақсатында тәжірибелік жұмыстар; бөлім бойынша жиынтық бағалау қашан және қалай өткізілуі қажет; тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы қалай пайдаланылады; жиынтық бағалауды қалай дұрыс өткізуді жоспарлау керек; бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша ата-аналарға шынайы кері байланыс беру қалай іске асады; оқу үдерісіндегі жаңа сипаттағы терминдердің мәнін түсініп, өмірде қалай байланыстырып қолдануға болады; саралап оқыту тәсілдері қалай іске асады, т.б. деген сұрақтар төңерегінде тренингтер, тәжірибелік сабақтар өткізілуде.

              

              

              

              

       Институт оқытушылары осыған дейін де бірнеше дүркін түрлі тақырыптарда біліктілік арттыру курстарынан, семинарлардан өткен. Десек те, осы курс барысында аталған тақырып аясында әріптестермен толықтыру, қайта жинақтау, дамыту, шыңдау, шыңдалу іс-шаралары жүзеге асуда. Курс арқылы кәсіби дами отырып, жалпы орта білім беру саласында жаңартылған білім беру мазмұнынан өткен, өтпеген мұғалімдермен курсалды шаралар, курстан кейінгі қолдау көрсетуге оң мүмкіндік алып, ықпал ете алатынымыз қуантады.  Олай болса, біз, курс тыңдаушылары, курстан алған біліміміз бен тәжірибемізді мектеп мұғалімдері арқылы жас ұрпақтың Тәуелсіз Қазақстанның нағыз азаматы, өзін осы елде бақытты сезінуі үшін мәдени, рухани, іскерлік құндылықтар негізінде дамуына мүмкіндік жасауға барынша ықпал жасауды мақсат тұттық.
       Курс жетекшілері - Жанаркүл Мырзағұлқызы мена Жайна Рысбаевнаға институт оқытушыларының жұмыстарын жүйелеу бағытында көмек беру барысындағы еңбектеріне  алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық шабыт, денсаулық тілейміз.

3.jpg5.png4.png1.jpg2.jpg6.png