ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ - ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

    2019 жылдың 12 желтоқсаны күні Алматы облысы, Панфилов ауданы, Әулиеағаш орта мектебінде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ ғылыми эксперимент жоспары бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұны - оқушылар мен пән мұғалімдерінің ғылыми ізденістерінің негізі» такырыбында облыстык ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті .
    Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында пән мұғалімдері мен оқушылардың ғылыми ізденістерін дамыту.
Іс-шарада институт директорынын инновациялық білім жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.Қ.Ауелгазина мен институттың аға оқытушысы Л.Орманбекова қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
   Іс-шара барысында «Шамшырақ» этнопедагогикалық ғылыми орталығы ашылып, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, с.ғ.д., доцент Толқын Ауелгазина салтанатты түрде тұсауын кесті.
     Семинарға экспериментті жүргізуші Алматы облысы мектептерінің 45 педагогі катысып, қоғамдық - гуманитарлық бағыт және жаратылыстану – математикалық бағыт бойынша ғылыми ізденістерін ортаға салды. Жаңартылған мазмұндағы ашық үлгілі сабақтар көрсетілді.
Сонымен бірге осы мектептің оқушылары 6 бағыт бойынша ғылыми жобаларын корғады.
   Атап айтқанда, 8-сынып оқушысы Қайнелден Томиристің  ағылшын тілінде қорғаған «Әулиеағаш - туризмнің көзі» тақырыбындағы жоба жұмысы сәтті жұмыстардың бірі болды. Сонымен бірге 6-сынып оқушысы Жақсылық Жанарыстың «Ешкі сүтінің пайдасы, оны кәсіпкерлікке пайдалану» тақырыбындағы жобасы да әділқазылардың жоғары бағасына ие болды.

     Облыстық іс-шараны қорытындылай келе, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары Толқын Ауелгазина іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдер мен оқушыларға Диплом, Грамоталар, Алғыс хаттарды табыс етті. Семинар соңы пікірталас болып, ұсыныстар айтылды.

 

4.png3.jpg2.jpg6.png5.png1.jpg