ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

     «БӨБЕК» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 12-14 қараша аралығында өзін - өзі тану пәнінен республикалық олимпиада өтті.
     Қазақстанның барлық облыстары толық қатысты. Сонымен қатар, Алматы қаласының мектептері, «БӨБЕК» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының Өзін-өзі тану гимназиясының оқушылары және жетекшілері қатысты. Жалпы ұйымдастырылуы өте жоғарғы деңгейде болды. Барлық облыстан келген жетекшілер балалар өздерінің шексіз ризашылықтарын білдірді.


   Алматы облысының атынан  Қапшағай қаласының №3 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Алишерова Мақпал Сұлтанқызы олимпиадаға 8 - сыныптар арасынан топ дайындады. Осы аталған сайыста  топ «Шынықсаң - шымыр боласың» атты жоба  қорғап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды атап айтатын болсақ, Мұхаметхан Еркемай, Жаңбырбай Маржан, Советхан Назерке жүлделі орындарды иеленді. Пән мұғалімі Алишерова Мақпал Сұлтанқызы Алғыс хатпен марапатталды. Осындай дәрежеге жетуіме мені үшінші базалық деңгейлік курста оқытқан «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығының филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Өзін-өзі тану пәні тренері Абдикаликова Берікгүл Төлепбергеноваға алғысым шексіз. Курс барысында өзін-өзі тану пәнінің қыр-сырын үйретіп, жол нұсқап, бағыт-бағдар бергені үшін алғысым шексіз. Тек маған ғана жол сілтеп қана қоймай, мен арқылы  балалардың көкірегінің шамын жаға алды. Әр адамның жүрегіне жылулық нұрын, мейірімділік пен қайырымдылықты ұялата алатын ұстазымның еңбегіне тәнтімін.
 

 

5.png6.png2.jpg1.jpg4.png3.jpg