ОЙЛАУ ДИЗАЙНЫ АРҚЫЛЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫНДА БІЛІМ БЕРУ

   БҰҰ тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Өрлеу «БАҰО» АҚ 2019 жылдың 3–7 желтоқсан аралығында Алматы қаласында ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен бірлесіп, «Тұрақты даму мүддесінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін негізгі құзыреттіліктерді енгізу: ойлау дағдылары» атты бес күндік семинар-тренингін өткізді.
     Семинар кураторы «Өрлеу» «БАҰО» АҚ әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Анар Қасымбекова. Ал дәріс беруші, лектор, ЮНЕСКО кеңесшісі – Сәуле Зейнолла.
   Қатысушылар алдында күрделі тапсырма: бір апта ішінде Қазақстан Республикасының біліктілігін арттыру жүйесінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бойынша негізгі теориялық тұжырымдамалар мен практикалық дағдыларды игеру міндеті тұрды.
Семинардың мақсаты – нақты өнімді немесе жобаны әзірлеу арқылы жергілікті проблемаларды анықтау және шешу үшін (олардың оқитын қауымдастығы немесе мекемесі) оқушыларға нәтижелі ойлай білу және практикалық дағдыларын дамыту үшін білім беру саласында оқытудың инновациялық тәсілдері мен әдістерін енгізуге үйрету.

   Семинар бағдарламасы ауқымды әрі қызықты болды. Семинар-тренингтің алғашқы күні үстіміздегі жылғы 2-4 қазан аралығында өткен алдыңғы сессия тыңдаушыларына сертификаттарды табыс етумен басталды. Айтулы семинар-тренинг барысында қатысушылар тұрақты даму үшін білім беру саласындағы мұғалімдердің біліктілік шеңберін, ойлау дизайны мен жобалау дағдыларын зерделеді.
    Семинар-тренинг барысында біз ГГҚ (жаһандық азаматтық көзқарас) және ТБО (тұрақты даму мақсаттары) бойынша тренингтің практикалық тапсырмаларын әзірлеу кезінде mentimeter.com, kahoot.com, powtoon.com, canva.com интернет ресурстарын қолданып, ұсынылған ресурстарды пайдалану арқылы тапсырмаларды әзірледік.

      Іс-шара барысында эмпатия, фокусировка, идеяларды генерациялау, идеяларды таңдау, жылыну және тестілеу кезеңдерінен тұратын тұрақты даму үшін ойлау дизайны бөлімін зерттеп, жобалау дағдыларын меңгердік. Бұдан әрі ТБЖ және ГГБ шеңберінде Жобалау жұмысымен жұмыс істедік. Семинар соңында Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері - Жакыпова Н.Б., Болсынбаева А.Ж., Тоқтасынова А.Т., Джарылгамысова Г.С., Орманбекова Л.Ж. «Қазақ ою-өрнектері не туралы сыр шертеді?» тақырыбы бойынша жоба қорғады.

5.png6.png3.jpg4.png1.jpg2.jpg