Асыл тастан, ақыл жастан шығады

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Қарасай ауданы Алтынауыл ОМ  базасында 2019 жылдың 1 сәуірі мен 26-сәуір аралығында қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсын аға оқытушы, PhD доктор С.А.Касенова  өткізді.
         «Жаңартылған оқу бағдарламасына кіріспе», «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясындағы педагогикалық тәсілдер», «Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту», «Жоспарлауды әзірлеу және түзету» тақырыптарын қамтитын 4 апталық курс бағдарламасы 160 сағатқа созылып, курс барысында біліктілігімізді шыңдап, көкейімізде жүрген сауалдарға жауап алып қайттық. 
Тренеріміз Касенова С.А. өз білімімен, өз ұстанымымен әрбір ұстаздың жүрегінен орын ала білді. Бізге үйреткен әрбір дәрісі өмірлік азық болып тәжірибемізде қолданатын құнды ақпарат болды. Осындай курс ұйымдастырған Өрлеу ұжымына, білімі тұнып тұрған тренеріміз Самал Әбілжанатқызына үлкен алғысымды білдіреміз! Және сол алғысымызды өлең жолдарымен жеткізгіміз келеді:

Асыл тастан, ақыл жастан шығады,
Сұлу сымбат бір бойына сыяды.
Самал сынды жетекшіміз тұрғанда,
Арамыздан талай «гений» шығады...

Ұстаздарға ұстаз болу оңай ма?!
Басым бізде достық көңіл алайда.
Үлкенге де, кішіге де жол тапқан,
Самал апай үлгі болар талайға!!!

2.jpg6.png5.png3.jpg4.png1.jpg