Әсел Балтабайқызына арнау

Әдемі күндер әдемі сәттер бөлек күн
Куәсі болу қайталанбайтындығы себептің
Өзіңіз жайлы сөз қозғап міне отырмыз,
Өзіңнен тауып біздерге нағыз керектің
 

Ақжарқын пейіл жылы жүзбенен жолықтық
Басында рас қалай болар деп қорықтық.
Жаңарған әлем жаңалықтары дүрбелең,
Жаңа білімнің жөні бөлек жарықтық
 

Бір ауыз сөзбен жиып ап жұртты, жалпыны.
Тимесін дедік қабақтың шытқан салқыны
Білекті түріп жиылып алып бәріміз
Бастап та кеттік қып-қызыл мынау талқыны
 

Тізгінін ұстап сан сұрақтардың біліктің
Арылып қалдық басында жиған күдіктен
Өзгені қайдам өзім отырмын жалтақтап,
Өзіңізге қарап зор сеніммен үмітпен.
 

Бәрінде біліп түсініп бәрін тереңнен
Меңгеріп бізді білімді, білік, өнермен
Ақанды қайдам Ақансерідей отырған
Өзіңізге деген ынтазар күйде өлермен.
 

Бастауын тауып бәрінде бәрін бәрінің
Көрсетіп бізге бүгінгі күннің тәлімін
Биязы мінез қастерлі халық силаған
Дарыған жанға даналық деген дәннің
 

Өрлеуде өрге биіктей сізде беріңіз
Аласармасын ешқашан шыққан өріңіз.
Әуелі Алла, Бес Ата сізді қолдасын?
Бақыттың шыңы болсыншы сіздің төріңіз
 

 

Алматы облысы Жамбыл ауданы
 Ә.Мәметов атындағы орта мектеп  директоры,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сейдакулов Марат Курманкулович. 

3.jpg2.jpg6.png1.jpg5.png4.png