Мухтаров Аманғали мырзаға

Ақ түбек ашық аспанда,
Ақпанның таңы атқанда,
ҚМЖ, ҰМЖ, ТЖБ
«Быжылдатып» біз жатқанда.
Ақырын жүріп нық басып,
Ағайымыз келді құлшынып.
Үйретіп жатыр жүйелеп,
«Талдап» «жинақтап» «зерделеп».
Сөйлеп кетсе нарқасқа,
Бойымыз кетер жылынып.
Айтып-айтпай не керек?
Тұлпарлы жердің ұлысыз...
Зымыраннан кем емес,
Шертіп айтқан сөзіңіз.  
Бойыңызда жоқ мініңіз.
Ереуіл атқа ер салып,
Жауға шапса Махамбет,
Қаламыңды алып қолыңа,
Еліңнің қамын ойлаған,
Киелі жердің ұлысыз.  
Махамбеттей батырдың
Найзасының ұшысыз
Шымшып айтсам артық кем
Осындағы қыздардың
Назы ғой деп біліңіз.
Көңіліміздің кіршіксіз
Жазы ғой деп біліңіз.
Аман есен жүріңіз
Бақытты өмір сүріңіз.



Чиндалиева Айжан,
Іле ауданы, М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің
қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі

5.png3.jpg2.jpg4.png1.jpg6.png