Мен үшін мәнді де, мағыналы курс туралы ой толғау

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы»
А.Байтұрсынов.
 

       «Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол»  деген екен И.Ганди. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары «Өрлеу» мұғалімнің біліктілігін арттыру бағдарламасының аясында өзгеруге өзек болар бағдарламадан менің кәсіби тәжірибеме үлкен өзгерістер қажет екенін ұғындым.
       Мен бұл курстан не алдым? Бұл алған білімімді қалай жүзеге асырамын? Менің жаңашыл іс-әрекетімнің нәтижесі қандай болады? Осы әрекеттер оқушылардың білім сапасын жақсартуға,оларға саналы тәрбие беруге ықпал ете ме? Қалайша? Осы сияқты сұрақтар мені толғандырды.Несін жасырам, жаһандану заманында жаңа ғасыр оқушысын қалай дайындаймыз?-деген сұраққа жауап іздеп келдім десем де артық болмас...күмәнім де аз емес... Бірінші күннен бастап ұйымдасқан,өзіне қызықтыратын сабақ басталып кетті.
       Тренеріміз Болысбаева Аманғайша өте білікті және білімді маман, өзіндік тәжірибесімен Қазақстанның әр аймағынан келген топтағы тыңдаушыларға білім сапасын жақсартудағы жаңа әдіс-тәсілдерін түсіндіруден бастады.Күнделікті сабақ барысында «Сіздер өзгересіздер», «Мен сіздерге сенемін» деп әрқайсымыздың жүрегімізге сенім ұялатты.Топпен жұмыс істеуде,іс-әрекетті зерттеуде, Lessoh Study-ді қолдану арқылы ынтымақтасқан ортамен бірлескен жұмыс оң нәтижесін берді.Топтағы әріптестерім де мектептің қыр-сырын білетін білікті,білімді екенін топтық жұмыс барысында көрсетті.
       Біздің міндетіміз алған білімдерін өмірде пайдаланып,кез-келген жағдайлардан шыға алатын жеке тұлға тәрбиелеу.Жыл өткен сайын талап та күшейіп келеді,ал білім сапасының төмендігі - біздің саланың өзекті мәселесі.«Не істеу керек?»деген сұрақтың жауабын осы курс бағдарламасынан алғандаймын.Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен мұғалімдердің іс-әрекетіне басшылық жасау,олармен ынтымақтастықта, серіктестікте ортақ мақсатқа қол жеткізуге ұмтылу-менің міндетім екенін ұғындым.
       Мен тренерімнің бізге «білдіртсем,үйретсем екен»деген ерен еңбектерін ортақ мақсатымыз, оқушы жетістігі үшін деп түсінемін.
       Қазақтың тағдыры, келешекте озық ойлы ел болуы мектепке байланысты, мектебіміз-ұлттық,оқушыларымыз жарыса ойлай алатын азаматтар болса, біздің елдігіміз мәңгілік болатынына сенімім мол.
       Қортындылай келе айтатыным, «Өрлеу» мұғалімнің біліктілігін арттыру бағдарламасының  әдіс-тәсілдері мектеп өміріне көптеген өзгеріс алып келу мен қатар, білім сапасы артып, өмірге бейімделген, жан-жақты дамыған,өзіндік көзқарасы бар, жеке тұлға тәрбиеленіп шығатыны анық.

                            Мамандығым- мұғалім қарапайым,
                            Ал көңілме,көңілім даладаймын.
                            Оқушымды үйретемін, шыңдаймын
                            Қажет болса, ақын болып жырлаймын.
 

Курс тыңдаушысы : Туратбеков Болатбек Кемелұлы

5.png4.png1.jpg6.png2.jpg3.jpg