ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

       2019 жылдың 15 сәуірі мен 03 мамыр аралығында оқыту мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрларының  біліктілігін арттыру курсында өз білімімізді жетілдірдік. Курстың тренері This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. Шолпанкулова Ания Абыйровна.
       Бұл курстың біз үшін ерекшеліктігі бұрыңғыдай лекция, семинар түрінде  емес, тығдаушыларға практикалық – болжау мақсатында бағыт – бағдар беру мақсатында жаңа бағдарламаны және басқа нормативтік құжаттарды игеру және талдау жұмыстары Шолпанкулова Ания Абыйырқызының жетекшілігімен сауатты және жүйелі өтіп жатыр. Курстан кейін біз «Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен –мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Сіз әлемді өзгерту – жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім болдыңыз. Сіз дұрыс әрекет жасау үшін өзгеріссіз - себебі ол дұрыс және басқаларға үлгі болу қажеттігін түсінесіз, өйткені олардың да дұрыс әрекет еткендері жөн. Сіз көп сағаттар бойы жұмыс істеуге әдеттендіңіз, - деген ғалым С.Бичтің ойымен толық келісеміз.

              

              

       Курс барысында Шолпанкулова Ания апайымыздың басшылығымен әр ұстаз өз білімі мен іскерлігіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімділігі мен қажеттілігін жан-жақты дәлелдеп қарастырдық. Курс барысында тыңдаушыларға ҚМЖ жасаудағы сабақ мақсатын «SMART» форматында құрастыру, сабақта оқу мақсатына ықпал жасайтын әдістерді жоспарлау, оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып саралау тәсілдерін енгізуді және сонымен бірге критериалды бағалауды меңгеруге бағыт-бағдар берілді.Топпен, жұппен, жекелей жұмыстар істей отырып, бір-бірімізден үйренерімізде көп болды.
       Курстың соңғы аптасында алған білімімізді жинақтап ,саралап қолдануға бағытталды. Біз курс барысында білім берудің жаңа бағдарламасының мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқы мерзімді сабақ жоспарларымен, критериалды бағалаудың дәстүрлі бағалаудан өзгешелігімен танысып, оқушылардың төрт негізгі оқу дағдыларын дамытуда қолдануға болатын тиімді әдіс –тәсілдерімен, белгілі зерттеушілердің тұжырымдамалары, дәлелдемелері туралы теорияларды тәжірибемен ұштастырдық. Ақпараттарды өзіміз оқушы рөлінде отырып, өзімізден өткізе отырып қабылдадық.
       Курстан алған әсеріміз өте көп. Біз үшін 15  күн көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Осы ретте қазағымның «Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп білгеннен сұра»,-деген жақсы бір сөзі ойыма оралып отыр. Біздің білімге деген ықыласымызды оятып, дәріс берген тренеріміз Шолпанкулова Ания Абыйровнаға алғысымыз шексіз. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ басшылығына да алғысымыз шексіз.

1.jpg4.png5.png6.png3.jpg2.jpg