ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

       «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облсы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін артттыру институты» «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға  оқытушысы Фазлыева Гульжауһар Какишевнаның жетекшілігімен Ұйғыр ауданы  №4 орта мектептің базасында «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту  бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру»бағдарламасы бойынша   курс өтуде. Курс жаңартылған оқу бағдарламаларын іске асыру үшін мұғалімнің кәсіби біліктілігін  жетілдіруге бағытталған. Тренер Гулжауһар Какишевна  жаңартылған бағдарлама бойынша көптеген ғылыми-практикалық жаңашылдықтармен біздің білімізді жетілдіруде.

              

              

              

              

       Біз ең алғашқы білімізді бағдарламамен  танысудан бастадық, күнделікті мұғалімге арналған  нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, әр пәнге арналған оқу бағдарламаларына жеке, жұппен және топ ішінде талдау жасап ортақ ой шығарып тәжірибе алмасамыз. Критериалды бағалау ұғымы, саралаудың тәсілдері  біз үшін  түсініксіз болған еді. Осы курс аясында критериалды бағалау жүйесін, саралаудың тәсілдерін, тілдік дағдыларды, белсенді әдіс-тәсілдерді, қысқа мерзімді  жоспар құру барысында, жоспарлаудың жаңа үлгілерін менгерудеміз.
       Күнделікті сабақтар қорғап, жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама аясын терең түсінуге мүмкіндік алдық.
 

Ұйғыр ауданы № 4 орта мектептің бастауыш
сынып мұғалімі  Онласынова Айзат

1.jpg3.jpg2.jpg4.png6.png5.png