Жаңартылған білім – болашақ кепілі

       Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта өркениетті дамыған  елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстандағы дамыған елдерің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім» екенін , ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын. Міне, соның дәлелі ретінде бүгінгі таңда Балқаш ауданының «Ақдала» орта мектебінде бастауыш сыныптағы оқыту пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламсына сәйкес мамыр айының 13 мен 31 аралығында аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру инистутының аға оқытушысы Асемжанова Зейнеп Зикрияовна дәріс беруде.

              

              

       Оқыту барысында жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерін, оқу үдерісін ұйымдастыру педагогикалық әдістерді, оқыту  тәжірибесіндегі саралау тәсілдерін меңгеріп, қысқа мерзімді жоспар құруда жүзеге асырудамыз.
       Сабақ барысында қысқа мерзімді жоспар Блум таксономиясын басшылыққа ала отырып, жоспарлауды  оқып үйреніп, жұмыс жасаудамыз. Сабақта топтық, жұптық жұмыстар барысында мұғалімдер өз тәжірибелерін бір-біріне үйрете отырып, критериалды бағалаудың да ерекшеліктерімен танысуда.
       Мұғалімдер бастауыш пәндері бойынша жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес пәндерді оқытудың әдістемесі бойынша оқу материалдарын жүйелі оқып үйренудеміз. Сонымен қатар, дәстүрлі оқыту мен жаңартылған білім беруді салыстыра  отырып, оның тиімді және пайдалы тұстарын анықтап, жаңартылған білім берудің беретін жетістіктерін,  артықшылықтарын  түсінудеміз.

              

              

       Мұғалім шығармашылығы ұшы-қиыры жоқ ізденіс . Үлкен, асыл ойдардың әсемдік әлемінің тереңінде көркемдік қабаттарының қыртыстарында жататындығын ескерсек, сол кезде біздерге көмекке келіп, мейірімі мол ағымды идеяларымен әдістемелік көмек көрсетіп, жаңартылған бағдарлама туралы негізігі ерекшеліктерді түсіндіре білген тренеріміз Зейнеп Асемжановаға айтар алғысымыз шексіз.
 

Алматы облысы Балқаш ауданы
№2 Жамбыл атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімідері:
Салимова Жамал,  Байсбаева Меруерт

1.jpg6.png5.png3.jpg2.jpg4.png