Жаңартылған бағдарламадан алған білім

       «Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының  білім беру бағдарламасы» тақырыбында «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны  әлеуметтендіру» – кафедрасының аға оқытушысы  Камбаралиева Индира Талғатқызының  жетекшілігімен Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «А.С Пушкин атындағы орта мектебінде» оқыту курсы басталды.Курс тыңдаушыларының саны – 25.

              

       Жаңартылған бағдарламаны меңгеру барысында куратордың бастауымен «Өзіңнен баста» атты психологиялық ахуалмен , өзімізге деген сенімділік ұялатты.
       Ең бірінші жаңартылған бағдарламаның сегіз ерекшелігімен және  критериалды бағалау қағидаттары, бағалау жүйесінің мазмұны (мұғалімге арналған нұсқаулық) сондай-ақ белсенді әдіс-тәсілдер,саралау,тиімді кері байланыс беру, оқу мақсатының сабақ мақсатымен ұштасып, нақты, оқушының жас ерекшелігіне сай болуы керектігімен саралау баланың қызығушылығын қанағаттандыру арқылы жүзеге асу мақсатында жүргізетілігіне байланысты көптеген мәліметтер алудамыз.
       Күнделікті сабағымызды өмірге, оқуға деген қызығушылықты арттыратын мотивациямен бастаймыз.

              

       Индира Талғатқызы теория жүзінде ақпарат бере отырып, практикамен ұштастыра біледі.Өзінің терең білімімен қатар іскерлігімен жан-жақты ізденісімен бізге толық жағдай жасап, ынтымақтастық орта құра білді. Мұғалімдерге бағыт-бағдар көрсетіп, жаңа терминдерді үйрете отырып, сабақта қолдануға жігерлендірді. Теориялық білімін оқыту формасында, ресурстарды қолданып шеберлі ширатумен жұмыстар жүргізілді.

              

       Болашақта осы жаңартылған бағдарламадан алған білімдерімізді тәжірибе жүзінде қолдануға, өз орнын таба білетін елдің болашағын ұстар, шәкірт яғни білім алушыларға толық меңгертуге бар күшімізді саламыз.
       «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшылығына осындай тиімді, сапалы  біліктілікті арттыратын курс ұйымдастырғаны үшін алғысымыз шексіз.

2.jpg4.png1.jpg6.png3.jpg5.png