«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ»

       2019 жылы 9 сәуірде аталған тақырыпта Панфилов ауданы Ават орта мектебінің базасында облыстық семинар - практикум болып өтті.
       Семинардың мақсаты: «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде, руханижаңғыру аясында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын, құзыреттілігін, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту бағытында мектептің жұмыс тәжірибесін  эксперимент алаңындағы әріптестермен бөлісу.

       Міндеттері:
       – «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде мектеп оқушыларының қызметін  дамыту бағытындағы мектептің  іс-тәжірибесін  насихаттау;
       – Рухани жаңғыру аясында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары тиімді ұйымдастыру жолдарын көрсету.

                     

       Семинарға 66 педагог қатысты.
       «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»  басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты  Майра Валиева семинарды салтанатты түрде ашып, семинарға қатысушыларды жұмыстың мақсат-міндеті және бағытымен таныстырып өтті.

                     

       
Мектеп директоры Коргасбаева Бақытгүл Асқарқызы мектеп тарихы мен  даму кезеңдері және «Мәңгілік Ел» құндылықтары, Рухани жаңғыру бағытындағы  мектеп  жетістіктері жайлы баяндап өтті.
       Семинардың теориялық кезеңінде Рухани жаңғыру аясында білім беру ұйымы қызметі  мен мұғалімдердің кәсіби шығармашылығын жетілдіру барысы және оның «Мәңгілік Ел» құндылықтары  негізінде  оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға  ықпалы таныстырылып баяндалды.

                     

       
Семинардың практикалық кезеңінде заманауи сабақтар , Ой жарысы кезеңінде   «Ата-бабаларға құрмет көрсету: өз ұлтыңды  мақтан тұту», «Қазақстан-дық патриотизм – аңыз ба, әлде шындық па?» атты  ұшқыр-ой алаңы және «Кәсіби шеберлік – шыңдалу шыңы» тақырыбында шеберлік-класс өткізілді. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел  болашағы – дарынды жастар» бағытында «Ғылыми жобалар – дарынды балалар көзімен» тақырыбы аясында «Дарын» ұйымының жұмысы таныстырылды.

                     

       Семинарға қатысушылармен «Оқушы құзыреттілігінің қалыптасуына психологиялық қызметтің ықпалы» тақырыбында тренинг,  «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Валиеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру аясында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында іскерлік-шығармашылық қызмет өткізілді.

                     

       Семинар атқарылған жұмыстарға аналитикалық талдау жасау, ой бөлісу, семинарға белсене қатысып, шығармашылық іс-тәжірибесімен бөліскен ұстаздарға институт директорының атынан ризашылық білдіру, алда  атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен аяқталды. 

 

Басқару және білім сапасы
кафедрасының аға оқытушысы
М.Валиева

5.png2.jpg3.jpg6.png1.jpg4.png