«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушы жастарды қазіргі заманғы тәрбиелеу және құндылық бағдарлары» тақырыбындағы ОН-ЛАЙН режиміндегі ғылыми-практикалық семинар қорытындысы бойынша ақпарат

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушы жастарды қазіргі заманғы тәрбиелеу және құндылық бағдарлары» тақырыбындағы ОН-ЛАЙН режиміндегі ғылыми-практикалық семинар қорытындысы бойынша
ақпарат

 

2018 жылдың  29 қарашасында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқушы жастарды қазіргі заманғы тәрбиелеу және құндылық бағдарлары» тақырыбында ОН-ЛАЙН режиміндегі ғылыми-практикалық семинар өткізілді, оған online.ripkso.kz/almobl сайтында тіркелген Алматы облысының 100 жалпы білім беретін мектептері белсенді қатысты.

Ғылыми-практикалық семинардың мақсаты: білім беру жүйесінде тәрбие әлеуетін арттыруға жағдай жасау, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде оқыту мен тәрбиені кіріктіру, құндылықты бағдарларын қалыптастыру, тез дамып жатқан ортада әлеуметтенуге қабілетті білікті, шығармашыл, құзыретті тұлғаны дамыту.

Семинардың модераторлары:  Ермухамедова Ж.Е., Ахметова М.К. тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушылары.

Онлайн семинар барысында оқушының құндылықты рефлексиясын ұйымдастыруға бағытталған өзара педагогикалық қарым қатынасқа ерекше көңіл бөлінді.

Ұйымдастыру-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік шараларды өз ішіне алатын жаңа педагогикалық тәсілдемелерді қабылдаудың қажеттілігін сезіну мәселелері қаралды.

 

 

Талқылау барысында мұғалімдердің буындардың рухани тәжірибесін түйсінуге көмектесетін және адамзаттың прогреске қарай әрекетін қамтамас ететін құндылықтарды пайдаланудың маңызы туралы да сөз болды.  Оқушылардың ұлттық идеология, мәдени дәстүрлер аясында тәрбие алғаны маңызды.

 Педагогтарға Қазақстан халқының ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлерін зерделеу, аймақтық фольклорлық дәстүрді сақтау және дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді. Оқушыларға біздің халқымыздың гуманистік құндылықты бағдарларын түсіндіруге ерекше назар аудару қажет. Бұл бағытта педагогтар қазақ халқының  ұлттық ерекшеліктерін, дәстүрлерін үйрену жұмыстарын жалғастыру керек.  

Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиені ұйымдастырудың басым бағыттары бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу болды.
2.jpg3.jpg4.png5.png1.jpg6.png