Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы

«Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты»

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

 

   «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жоспарына сәйкес «БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР»тақырыбында 2018 жылдың 22-23 қарашасында сағат 10.00 (Астана уақыты бойынша) Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Конференцияны ұйымдастырушы:

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» басқару және білім сапасы кафедрасы.

Конференцияның мақсаты: білім және ғылымдағы инновациялар траекториясын жетілдіру, халықаралық тәжірибедегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ерекшеліктерін саралау.

Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар (секциялар) бойынша ұйымдастырылады:

- жаратылыстану-математика ғылымдары (математика, физика, информатика);

- химия-биология ғылымдары;

- қоғамдық-гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар (тарих, филология);

- психологиялық-педагогикалық ғылымдар;

- өнертану, спорт, технология.

Конференцияға қатысушылар: «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ қызметкерлері, қазақстандық, шетелдік сарапшы-ғалымдар, ЖОО ПОҚ, республикалық білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, PhD докторанттар мен магистранттар.

 

Конференцияға қатысу шарттары

1. Халықаралық конференцияға қатысу түрі:тікелей  немесе сырттай қатысу .

Тікелей формада қатысу:

-пленарлық мәжіліске қатысу;

-конференцияның негізгі бағыттары бойынша дискуссиялық алаңға қатысу;

-конференцияға баяндамасыз қатысу.

Конференцияға сырттай қатысу түрі: конференцияның жинақ материалдарына мақала жариялау.

2. Пленарлық мәжіліс пен дискуссиялық алаңға қатысушылар құрамы 2018 жылдың 16 қарашасында анықталады және http://www.orleu-almobl.kz сайтында жарияланады.

3.Конференцияға қатысушылар үлгілі материалдары үшін сертификат пен құрмет грамотасымен марапатталады.

4. Конференция жұмысына қатысу үшін 2018 жылдың 12 қарашасына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электронды поштасына:

- «Халықаралық конференция» деген атпен (файлмен) конференция қатысушысының негізгі бағыттары бойынша материалдары:

- конференцияға қатысушының өтінімі (1 қосымша);

- жариялау талаптарына сәйкес мақала мәтіні (2 қосымша) жіберілуі қажет.

5.Конференцияның ұйымдастыру комитеті.

Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысушылардың құрамын және секцияларды анықтайды, жүргізілу бағдарламасын бекітеді, талдауға ұсынылған материалдардың өзектілігіне қарай пленарлық мәжілістегі және секциялық отырыстардағы баяндамашылардың  дербес құрамын айқындайды,  конференция материалдарын жинақ ретінде редакцияға ұсынады. Конференция нәтижесінде электронды түрдегі материалдар жинағы сайтта жарияланады.

 

Конференцияға жұмысына жауапты тұлғалар:

Байузакова Айгуль Кусаиновна - ұялы тел.: 8707 512 1184;

Бесирова Қарлығаш Бекетовна  - ұялы тел.: 87011275679. 

 Қосымша 1

 

ӨТІНІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ РӘСІМДЕЛУ ТАЛАПТАРЫ

 

1.

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)*

 

2.

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

3.

Сіздің ұйымыңыздың толық және қысқаша атауы, ұйымның орналасқан жері (елдімекен)

 

4.

Қосымша авторлар (аты-жөні, толығымен) (болған жағдайда көрсетіледі)

 

5.

Мақаланың атауы (қазақша жазылған жағдайда, орысша және ағылшынша аудармасы беріледі немесе керісінше).

 

6.

Бағыт (секция) атауы

 

7.

Қатысу формасы (тікелей/сырттай қатысу)

 

8.

Жұмысты қорғайсыз ба (иә/жоқ)

 

9.

Баяндамаға қажетті техникалық құралдар (қажет жағдайда көрсетіледі)

 

10.

Ұялы телефоны

 

11.

E-mail*

 

12.

Қонақ үй (қажеттілік болған жағдайда)

 

 

 Қосымша 2

 

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Мақала көлемі – 4 беттен 10 бетке дейін.

Мақаланың атауы (қазақша жазылған жағдайда, орысша және ағылшынша аудармасы беріледі немесе керісінше).

Кілт сөздер (қазақша жазылған жағдайда, орысша және ағылшынша аудармасы беріледі немесе керісінше).

Аңдатпа (қазақша жазылған жағдайда, орысша және ағылшынша аудармасы беріледі немесе керісінше).

Қағаз көлемі - А4 (210х297).

Жиектері- барлық жағы 2см.

Қаріп түрі - Times New Roman.

Кегль - 14.

Азат жол – 1,25 см.

Қатараралық интервал – бір (1).

Әріпаралық интервал – қалыпты.

Сөзаралық бос орын – бір белгісі.

Тасымалдау – автоматты (қолмен).

Мәтінді тегістеу – ені бойынша.

Рұқсат етілген бөлу – курсив, жартылай қалың.

Суреттер қара-ақ, түрлі-түсті жарты тонды емес, WMF векторлық форматтарда, EMF, CDR, TIFF растрлік суретті форматында, нақты мөлшері JPG кемінде 300 нүкте/дюйм; диаграммалар MS Excel, MS Visio бағдарламалары арқылы бастапқы файлмен бірге берілуі тиіс.

Кестелерді альбомдық бағдармен  пайдалануға жол берілмейді.

Әдебиеттер тізімі мақала соңында орналастырылады және цитат немесе сілтемелер болуымен негізделеді (үлгіні қараңыз).

Әдебиеттер тізімі қолмен нөмірленеді (автоматты түрде емес).

Әдебиеттер тізімінде енгізілген ішкі мәтінді сілтеме жұмысы тік жақшаларда келтіріледі. Пайдаланылатын байланыс мәтінді сілтемелерге жіберу үшін библиографиялық тізіммен беттерді көрсете отырып [1, с. 15], немесе беттерді көрсетпей [1;5]. рәсімделеді. Автоматты түрдегі сілтемелердің әр бетте  болуына жол берілмейді.

Ұсынылған мақалалар өзекті және бұрын жарияланбаған болуы керек.

Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған және көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген жағдайда мақалалар қабылданбайды, қарастырылмайды. 

 

МАТЕРИАЛДЫ ЖАРИЯЛАУ ҮЛГІСІ

 

А.Т.Туралбаева

«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы

«Алматы облысы бойынша ПҚБАИ»

Басқару және білім сапасы кафедрасы

меңгерушісі, философия (PhD) докторы

 

А.Т.Туралбаева

доктор философии (PhD),

Заведующая кафедрой

Управление и качество образования

ФАО «НЦПК «ӨРЛЕУ»

«ИПКПР по Алматинской области»

A.T. Turalbayeva

Doctor PhD,

Head of Department

Management and quality of education

JSC NCPD «Orleu»

«IPD PS in Almaty Region»

 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ-ТҰЛҒАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Орысша, ағылшынша  аудармасы

Аңдатпа үш тілде беріледі(қаріп түрі -12, курсив, 5 жолдан аспауы тиіс)

Кілт сөздер үш тілде (қаріп түрі -12, курсив, 5 сөзден кем емес)

Негізгі мәтін (қаріп түрі – 14).

Пайдаланылған әдебиеттер (қаріп түрі -12).

1. Клустер Д. Что такое критическое мышление? / Д.Клустер//Перемена.-2009.-№4-С.32-39с.

2. Гин А.А. Приемы педагогической техники: свобода выбора, открытость, деятелность, обратная связь.М.: – Алматы.: «Литер-А», 2001. – 351 с.

3. Khan H. Ecology law. [Электронный ресурс]. // Режим доступа: http://google.com

3.jpg5.png2.jpg1.jpg6.png4.png