«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КОНТЕКСТІНДЕ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КОНТЕКСТІНДЕ        

     2018 жылдың 17 қазаны күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алтын ауыл» жалпы орта мектебі базасында «Патриотизм в системе ценностей современной молодежи в условиях реализации общенациональной идеи «Мәңгілік Ел» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Шараға директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагог-психологтары, жалпы саны – 85 мұғалім қатысты.

Семинардың мақсаты – жеке тұлғаның азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың ең тиімді әдістерін анықтау, отансүйгіштік сезімді практикалық іс-әрекеттер арқылы дамытуға және құндылықтың жаңа бағдарларын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

   Іс-шара тақырыбының өзекті екендігін білдіру үшін «Патриотизм туралы фильм», «Қазіргі жастардың моральдық принциптері» бейне материалдары көрсетіліп, талқыланды. Семинарға қатысушылар «патриотизм» ұғымына қатысты өз кдөзқарастарымен бөлісті.

Семинар модераторы Ермухамедова Ж.Е. жастардың заманауи құндылықтар жүйесіндегі патриотизмнің негізгі аспектілерін анықтады. Сонымен бірге, оқушыларды тәрбиелеудің маңызды компоненті – адами құндылықтарға, нормаларға, дәстүрлерге негізделген патриотизм болуы керек деп атап өтті.

 Семинар барысында «Қазіргі заманғы орта мектептерде патриоттық тәрбие беру» бағыты бойынша тәжірибе алмасу өтті, онда директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері сабақтан тыс іс-шараларды дайындауда және өткізуде қызықты, белсенді әдіс-тәсілдермен бөлісті, сондай-ақ, ата-аналармен және балалармен жұмыс істеудгі өзекті мәселелер және оларды шешу жолдарын айқындады.

           Практикалық бөлімінде төмендегі шаралар өтті:

-         «Бүгінгі жастарда патриоттық рух бар ма?» тақырыбында 10 сынып оқушылары арасында пікірталас;

-         «Бақ дарып, кие қонған қасиетті Қарасай» тақырыбында8-11 сынып оқушыларына арналған тарихи-білім беру конференциясы;

-         «Отбасылық дәстүрлер» - ата-аналар мен 5-сынып оқушылары қатысқан коучинг. 

     Сондай-ақ, семинардың барлық қатысушылары шағын топтарға бөлініп білім берудің тұжырымдамалық негіздерінде белгіленген бағалау критерийлері, іске асыру тетіктері және күтілетін нәтижеге бағдарланған «Қазақстандық азаматтық патриотизмін тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» бағыты бойынша іс-қимыл жоспарын әзірлеумен айналысты. 

   Семинарға қатысушылар әр түрлі шығармашылық жаттығуларды орындайтын «Болашақ  біздің  қолымызда» психологиялық тренингiне ерекше қызығушылық танытты. 

 

    Шара соңында қатысушыларға «Бүгінгі патриотизм», «Жастардың патриоттық құндылықтары» сауалнамалары толтыруға берілді.

        Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар іс-шара жайлы ой-пікірлері мен тұжырымдарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

 

Ж. Ермухамедова,

Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру

кафедрасының аға оқытушысы

2.jpg4.png6.png1.jpg3.jpg5.png