ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН   БІЛІМ БЕРУ  ЖАҒДАЙЫНДА  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ  ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

 

    2018 жылдың 19 қазаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Басқару және білім сапасы кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаңартылған   білім беру  жағдайында  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  пайдалану жолдары» атты  облыстық семинар өтті.

     Семинарды мектеп директоры Болымбекова Анар Умаровна  салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік  тіледі. Қарасай  ауданы білім бөлімінің әдіскері Раймова Лайла Мауленовна ұстаздардың қиындығы мен қызығы мол еңбектеріне шығармашылық табыс тілеп, құнды  тәжірибелерімен  бөлісуге  шақырды.  

         Семинар барысында тиімді, әрі  жаңа әдіс-тәсілдерді   пайдалану жолдарын көрсететін, үлгі боларлық ашық сабақтарды  көрсетіп, Алматы облысы  білім  бөлімінің  20-ға жуық аудандарынан келген ұстаздар  тәжірибе алмасты.  

     Солардың бірі Шамалған станциясындағы қазақ орта  мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі  А.Боранбаеваның 3-сыныпқа «Әдебиеттік  оқу» пәнінен  «Ата сөзі - алтын  сөз»  атты тақырыбындағы  сабағында   оқу мақсатына  жетудің, критерийлердің SMART мақсатқа сай жасалғандығын өз шеберлігімен, ептілігімен  әдіс-тәсілдерді  орынды қолдануымен дәлелдеді.

     Қатысушылардың Агадиева Айгул Мауткалиевнаның 3 «Д» сыныбындағы Дүниетану пәнінен  «Адам досымен мықты» тақырыбындағы  сабағынан алған әсері мол болды. Тиімді  әдіс-тәсілдерді  таңдай білген әріптестеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ, Алакөл  ауданы  Достық  орта  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдельдинова Алия Кабиевнаның «Математика пәнінде оқушыларды сыни ойлату арқылы ой-өрісін дамыту», Достық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Айдарханова Қарлығаш Муратовнаның «Әдебиеттік оқу пәнінде оқушыларды сыни ойлауын дамыту» тақырыбындағы  шеберлік  сыныптарынан әріптестерінің жинаған тәжірибесі молая түсті. Сонымен қатар, Сарқан ауданы Островский атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Серікболова Салтанат Серікболовнаның «Жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде бастауыш сыныпқа қолданылатын әдіс- тәсілдер» тақырыбындағы, Қапшағай қаласы №12 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Смакова Айжан Бекбосыновнаның «9 саны мен цифры» тақырыбындағы  шеберлік сыныптарын  қатысушылар өте жоғары бағалады.

     «Жаңартылған білім беру жағдайында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдістерінің тиімділігі» тақырыбындағы коучинг арқылы Еңбекшіқазақ  ауданы  Абылайхан атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тустикбаев Айжан Жаксылыковна өзінің шеберлігімен, мол тәжірибесімен бөлісті.   

  Семинар атқарылған  жұмыстарға   аналитикалық талдау жасау, ой бөлісу, іс-шараға белсене қатысып, шығармашылық іс-тәжірибесімен    бөліскен   ұстаздарға  институт директорының  атынан марапаттау,  алда  атқарылатын  жұмыстарға бағыт-бағдар, тиісті нұсқаулар ұсынылуымен      аяқталды.
З. Асемжанова,

Басқару және білім сапасы

кафедрасының аға оқытушысы

1.jpg5.png4.png6.png2.jpg3.jpg