Өзара тиімді әріптестік

Өзара тиімді әріптестік

 Ағымдағы жылдың 8 қазаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кенесбаев және The Maria Grzegorzewska University (Польша Республикасы) ректоры Стэфан Квиатковски білім беру саласы, сондай-ақ, кәсіби және мәдени шараларды қолдау мақсатында өзара Ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге қол қойды.
                                                
Кездесу барысында қос тарап келісімде көрсетілген бағыттар бойынша пікір алысып, ұстаздардың кәсіби дамуына ықпал етер тұстарын талқылады:

• Кәсіби семинарлар/бағдарламалар, конференциялар мен білім алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыру;

• академиялық және мерзімді басылымдармен алмасу;

• кәсіби даму немесе көшбасшылықты дамытудың бірлескен жобаларын жүзеге асыру;

• Өзара ықылас оятқан салаларда тәжірибе және бағдарламалар алмасу;

• Тараптардың өзара тиімділігі үшін басқа да іс-шаралар қабылданады.

Қол қойылған құжат қызметкерлерге тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді деп айтуға болады.
                                  

       Іс-шара барысында мекеме басшылары екі ел арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынастың маңыздылығын, білім беру саласындағы тәжірибе алмасуды, соның ішінде ұйымдар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту актісімен қарастырылған ерекше мүмкіндіктерді атап өтті.

5.png1.jpg3.jpg6.png4.png2.jpg