ПӘНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР ТҰРҒЫСЫНАН ОҚЫТУ – ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СҰРАНЫСТАРДЫҢ БІРІ

ПӘНДІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР ТҰРҒЫСЫНАН ОҚЫТУ – ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СҰРАНЫСТАРДЫҢ БІРІ

2018 жылдың 22 қыркүйегі күні институт базасында «Жаңартылған бағдарламалар негізінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, пәнді құзыреттіліктер тұрғысынан оқыту әдістемесі»тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинары жаңа форматтағы оқыту жүйесін  тәжірибеде қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ықпал ету деген мақсатқа негізделді.  
Оқу семинары мынадай міндеттерді жүзеге асырды:

  • Ø жаңартылған білім мазмұны негізінде педагогтердің кәсіби өсуін түрлі іс-шаралар арқылы жетілдіру;
  • Ø сын тұрғысынан оқыту технологиясы арқылы мұғалімдердің пәндік құзыреттіліктерін арттыру;
  • Ø оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерге сәйкес тілдік дағдыларды дамыту әдістемесін саралау.

Онда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Қазақ тілі» пәні оқулық, оқу-әдістемелік кешендерінің ерекшелігі;  тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым; оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар әзірлеу (қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарымен жұмыс); қазіргі сабақты жобалау; сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы функционалдық оқу сауаттылығын дамыту, жаңаша сипаттағы бағалау үдерісіндегі рөлі тақырыптары бойынша дәріс, тәжірибелік жұмыс, тренингілер өтті.

Оқыту семинарына Ақсу (1), Жамбыл (9), Қарасай (8), Панфилов (2), Қаратал (1), Талғар (1) аудандарынан 22 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.Нәтижесінде мұғалімдер  өз бетінше білім алуға тартылды; оқу іс-әрекетінде  жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын ықпалдастыру арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік алды; педагогтердің ынтымақтастық аясы кеңейді; жаңа жаһандық кезеңде педагогтердің кәсіби шеберлігін зерделеуге бағыт берілді;  ОМЖ, ҚМЖ жасау тәжірибелері артты; сын тұрғысынан технологиясын оқу үдерісінде қолдану дағдысы дамыды; сол арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік алды.

 Саметова Жайна Хадиронқызы,
Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы
4.png2.jpg5.png6.png3.jpg1.jpg