ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ РОБОТОТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ РОБОТОТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2018 жылдың  21 қыркүйегікүні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Операциондық жоспары бойынша Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен  «Оқу үдерісінде робототехниканы қолдану әдістемесі» атты облыстық семинар өтті. Семинарға  Ақсу, Қарасай, Жамбыл, Іле, Қаратал, Райымбек, Кеген, Көксу, Сарқан, Ескелді, Талғар, Ұйғыр аудандарынан және  Қапшағай қаласынан математика, физика және информатика пәндері бойынша 60 мұғалім қатысты.

Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылым жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина  ашып,   қатысушыларды семинардың мақсатымен – оқу үдерісінде  робот техникасы құралдарын қолдануда педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру  таныстырды.

 Міндеттері:

  • Робототехниканың теориялық-әдістемелік аспектілері
  • LEGO MINDSTORMS EV3 мен Arduno микроконтроллері қолдану жолдары.

Семинар барысында  Фатима Наубатовна Каракушекова «Мектептегі робототехниканың ролі», Маулен  Жакыпбекович Боденбаев «Фоторезистор мен  қозғалыс дачигінің өмірде қолдану жолдары»,  Гаухар  Сарсенбаевна Джарылгамысова «Arduino-да  ИК-пултьпен басқару» тақырыптарында баяндама оқып іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

 Сонымен қатар «Өрлеу» «БАҰО» Алматы қалалық ПҚБАИ аға оқытушысы Кайсар Копжасарович  Нурлыбаев  «Робототехника бойынша педагогтардың шығармашылығын дамыту жолдары» тақырыбында баяндама оқып, мұғалімдермен оқушылармен бірге жасалған ғылыми жоба жұмыстарымен таныстырды. Қатысқан олимпиядаларымен ой бөлісіп, мұғалімдерге жақсы ой тастады.
              
Одан әрі облысымыздың мектептерден келген мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салды. Олар Смагулов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп интернат мұғалімі  Талғат Рысбекұлы Сундетов «Робототехника бойынша ғылыми жобалаудың негізі», Ақсу ауданы, Жансугіров атындағы орта мектебінің IT маманы Данияр Абилгазынович Байтумаков «Arduino-да  шамды шапалақтау арқылы қосу», Көксу ауданы, Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің физика  пәні мұғалімі Азат Қызырхан «Оқу үрдісінде робототехниканы қолдану әдістемесі», Жамбыл ауданы, Ақсеңгір орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Арманбек Хаумен «Робототехникада ардуино платасын пайдалану» және  Мыңбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Аида Қарымсақова «Лего конструкторларымен жұмыс» тақырыптарында өздерінің іс-тәжірибелерін таныстырды.

Семинар нәтижесінде қатысқан мұғалімдері  болашақта осындай іс-шаралардың көбірек ұйымдастырылып, жасалып жатқан жұмыстары туралы ой бөлісіп, көрме түрінде де ұйымдастырылып отыруына ұсыныс берді. Робототехника бойынша жасаған жұмыстары туралы бір-бірімен ақпарат алмасып отыру үшін  ортақ қауымдастықтың  ашылуын құптады.  Сонымен бірге С++ бағдарламасы туралы курстар ұйымдастыру да ой қозғады.  Семинар бағдарламаға сай өткізіліп, жоспарланған жұмыстар толығымен іске асты.  

6.png4.png2.jpg3.jpg1.jpg5.png