Дарынды оқушы - ұлт болашағы

Дарынды оқушы - ұлт болашағы

         2018 жылдың 13 қыркүйегі күні Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Орта мектеп гимназиясында  «Дарынды оқушы - ұлт болашағы» атты конференция өтті. Конференция орта мектеп гимназияның 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.  Конференцияға  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті физикалық химия кафедрасының оқытушылары Е.Ж.Усипбекова мен химия ғылымдарының кандидаты Р.Н.Ажигулова және Алматы облыстық білім басқармасы әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Ж.А.Диханбаевалар қатысты.   
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Закериянова  «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» тақырыбында баяндама  оқып, гимназиядағы 10 жылдағы мұғалімдер мен оқушылардың жеткен жетістіктерін саралап көрсетті.                                                                                                                                   

Конференцияның соңында оқушылар көптеген сұрақтар қойып, жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесіп жасайтындықтарын айтты.    

Ләззат Орманбекова,

Ғылыми-жаратылыстану - (гуманитарлық) пәндерін

оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар

кафедрасының аға оқытушысы

 

 

      

 

1.jpg5.png3.jpg2.jpg6.png4.png