«Мектепке жол» акциясын қолдау аясында

«Мектепке жол» акциясын қолдау аясында

       Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегі күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ «Нұр Отан» - «Білікті ұстаз» партиясының бастауыш партия ұйымының партиялық бөлімшесі – «Өрлеу» «БАҰО» АҚФ «Алматы облысы  педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Бақытты балалық» партиялық жобасы аясында «Н.Островский атындағы зағиптер және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мектепке жол» акциясын қолдау мақсатында іс-шара өткізді.
Мектеп директоры Рахмет Нұрахметов өз сөзінде жаңа оқу жылы қарсаңында осындай игі шараны ұйымдастырушыларға ризашылық білдіріп, жиналғандарды көздері нашар көретін және зағип балалардың әлеуметтік бейімделуі мен қайта қалпына келуіне білім беру бағдарламалары арқылы көмек көрсететін мектеп қызметімен таныстырды.
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылым жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина оқушылар мен педагогтарды оқу жылының басталуымен құттықтады.
  
Кездесу барысында мектеп-интернат тәрбиеленушілері – домбыра ансамблінің мүшелері жоғары деңгейде халық күйлерін орындады. Институт қызметкерлері өз кезегінде мектеп оқушыларына сыйлықтар – оқуға қажетті заттарды табыс етті.
4.png1.jpg5.png2.jpg3.jpg6.png