Жаңартылған білім беру: теориядан тәжірибеге

Жаңартылған  білім  беру: теориядан  тәжірибеге 

      2018 жылдың 23 тамызы күні  Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал  №1 орта мектебінде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» Басқару және білім сапасы кафедрасы  институт  жоспарына  сәйкес «Жаңартылған  білім  беру: теориядан  тәжірибеге» атты  аймақтық  семинар  ұйымдастырды.

        Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету,педагогикалық тәжірибесін шыңдау және кәсіби құзыреттілігін жаңартылған білім беру жүйесі аясында жетілдіру. 

    Бұл іс-шараға Алакөл, Сарқан, Ақсу аударынан 40 бастауыш  сынып мұғалімі, жергілікті жердің аудандық білім бөлімінің  әдіскелері қатысты. Жоғарыда аталған аудандардан Кенжебекова Қ.С., Муханова Г.Ж., Дюсембекова Ж.Ж., Баймұхамбетова Р.К. ,Саргаскаева Г. Н. - Алакөл  ауданы,Жабайханова Б.М., Смагулова С. Ш.,Молдағожина  М. М.- Сарқан  ауданы,Байжұманова А.Е., Көптлеуова А. Т.  - Ақсу ауданының бастауыш сынып мұғалімдері өз  тәжірибесімен  бөлісіп, баяндамалар оқып, шеберлік  сыныптар  өткізді. 

     Ұстаздар жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының аясында атқарған жұмыстарымен таныстырып, критериалды  бағалаудың  және  соның  ішіндегі  қалыптастырушы  бағалауға  баса  назар  аударып, шеберліктерін  көрсете  білді. Оқытудағы  тиімді әдіс-тәсілдерді  өз  тәжірибесінде  қолданған жолдарын  көрсетті. Курс  кезінде оқыған  теориялық  білімдерін  тәжірибеде  дұрыс  бағытта енгізгендерін  көрсетіп, әріптестерінің  көңілінен  шыға  білген  мұғалімдер семинар   мақсатына  жеткенін  көрсетті. 

Іс-шара  соңында   қатысушыларға алғыс хаттар, құрмет  грамоталары мен  сертификаттар табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.png3.jpg1.jpg2.jpg4.png5.png